100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Тұрғындар назарына!

Құрметті жерлестер!

Халқымыздың кемеңгер ойшылы, Абылай ханның кеңесшісі, «Көмекей əулие» атанған мемлекет əрі саясат қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған  салтанатты мерейтойы 2018 жылдың 18 тамызында сағат 10:30 –да Қарағанды қаласынан 120 шақырым жерде «Әулие төбенің» сол жағында өтетіндігін хабарлаймыз.

Дәстүрлі тойлау қазақтың ұлттық спорт түрлері: аламан бәйге, топ бәйге, қазақ күресі, аударыспақ, аламан бәйге, топ бәйге, қыз қуу, көкпар т/б жарыстарымен жалғасатын болады.

Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға жүлде ретінде Астана қаласының орталығынан құны 12 млн. теңгені құрайтын пəтер, 1 «TOYOTA PRADO» маркалы автокөлік, 2  «ТOYOTO  CAMRY» маркалы автокөліктер, сонымен қатар үш квадроцикл, тұрмыстық техникалар және т/б жүлделер табысталады.

Ұлы тойдың куәсі болуға баршаңызды шақырамыз! Осындай үлкен жауапты шараға бір кісідей ат салысайық! 

Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған
 
мерекелік іс- шараның
 
БАҒДАРЛАМАСЫ

 

18 тамыз 2018 жыл.

 

 

 

11.00

- Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған салтанатты жиын

- «Көмекей әулие» театрландырылған қойылымы (режиссёр, ҚР еңбек сіңірген әртісі К.Жұмабеков)

- Қазақстан және шетелдің өнер жұлдыздары - Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Жәмилә Баспақова, «Хайрулло Дадобоев» дойрошылар фольклорлық ансамблі (Тәжікстан), «Ағайынды Жүгінісовтер» тобы және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт

- Астана қаласының көне қару-жарақ музейінің көрмесі

- «Ұлы дала мұралары» атты бейнелеу өнері және қолданбалы өнер  шеберлерінің көрмесі

- «Бұқар жырау дәуірі» экспонаттар және кітап көрмесі

Керней ауылы, киіз үйлер  алаңы

 

  13.00

Ас

 

14.00-20.00

 

- Облыстың шығармашылық ұжымдарының концерті

- Канат бойымен жүретін Өзбекстан әртістерінің өнер көрсетуі

 

- Ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар

(аламан бәйге, топ бәйге, көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, асық ату және т.б.)

Керней ауылы, киіз үйлер  алаңы

 

20.00-22.00

- Гала-концерт

- Мерекелік отшашу

Орталық алаң Ботақара к.

 


 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.