100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Халық алдында адамдардың әл-ауқатын арттыру және халықтың табысын өсіру міндеттері туралы, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының 2020 жылдың 3 айында орындалу барысы және атқарылған жұмыстары туралы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің ақпараттық есебі.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, сіздердің назарларынызға халық алдында, жергілікті қоғамдастықтар алдында ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің атқарған жұмыстарын ұсынамын.

    Ақтөбе ауылдық округінде 1145 адам тұрады, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 428 адам құрайды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 290 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 133 адам, жұмыссыз 5 адам бар.

    Округ бойынша мүгедектер саны  55 адам оның ішінде 1 топтағы мүгедектер 6 адам, 2 топтағы мүгедектер 20 адам, 3 топтағы мүгедектер 24, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 5 адам. Жеке көмекшілері барлар 3 адам. Жеке оңалту бағдарламасы 90 пайызға қамтылған. Тыл еңбеккерлері 8 адам.

Мемлекеттік жәрдемақылар бағыты бойынша.

    Округ бойынша адрестік әлеуметтік көмек алатындар жоқ. Аппарат мамандарымен төтенше жағдай кезіндегі 42500 теңге мемлекеттік жәрдемақысы туралы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айрылған  ауыл тұрғындары 42500 теңгені алуға есепшоттар ашып онлайн тапсырыс беруде. Азық-түлік жиының алуға округтегі ауыл тұрғындары онлайн тапсырыс берді.

Инфляциялық процесстер бағыты бойынша.

     Округ бойынша Ақтөбе және Ынтымақ ауылдарында бір-бірден екі дүкен бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтермеу туралы кәсіпкерлерге ескерту  жұмыстары жүргізілуде. Дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сөрелері бар. Апта сайын және күнделікті мониторинг жіберілуде.

Коронавирустық инфекциясының әкелінуі және таралуын ескерту бағыты бойынша.

       Округ аумағында коронавирус инфекциясының әкелінуі және таралуын алдын алу үшін аппарат мамандары мен медициналық қызметкерлер округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Округ тұрғындарына кітапшалар, брошюралар таратылуда, коронавирус инфекциясының әкелінуі және таралуын алдын алу бойынша хабарламалар таратылды. Әкімдік, медицина қызметкерлері, мәдениет қызметкерлері және кейбір ауыл тұрғындары бет перделер тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратты.

Еріктілер (волонтеры) жұмыстарының бағыты бойынша.

     Округ аумағында «Аманат» еріктілер командасы құрылған, құрамында 8 адам бар. Еріктілер көктемгі су тасқының алдын алуға ауыл ішіндегі су ағарларды тазалады, жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларын қардан тазалады.         Округ аумағында коронавирус инфекциясының әкелінуі және таралуын алдын алу үшін кітапшалар таратып, округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді және бетперделер таратты.   

 

Экономикалық қызметті дамыту және қаржы бағыты бойынша.

       2020 жылы  «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бюджетіне 15969,5 мың теңге бөлінді, оның ішінде 3 айында игерілгені 5785,0 мың теңге, оның ішінде мына бюджеттік бағдарламалар бойынша: «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің қызметін қамтамасыз етуге – бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 14468,0 мың теңге, игерілгені – 5368,5 мың теңге; оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге төленген еңбек ақы – 4137,9 мың теңге құрайды, техникалық персоналға төленген еңбек ақы – 347,0 мың теңге.

      Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге - бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 400 мың теңге, игерілгені – 400 мың теңге.

       Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға жалпы бөлінген қаражат сомасы – 1200 мың теңге, игерілгені – 0 теңге, себебі келісім шарт аяқталу сатысында.

       Жергілікті қаражаттан көктемгі су тасқының алдын алуға 16500 теңге бөлініп толығымен игерілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

     Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, мемлекеттік қызмет брошюралары таратылуда, көбінде электронды қол таңба жоқ. Мемлекеттік қызмет бойынша жиындар ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мүгедек азаматтарға мемлекеттік қызмет алуға жағдай жасалған.

     «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мамандарымен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының сапасын арттыру бағыты бойынша күнделікті жұмыстар атқарылуда. Әкімдік ғимаратында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орыны бар.

Өтініштерді қарастыру бағыты бойынша

     Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін уақтылы орындау жұмыстары күнделікті қадағалануда. 2020 жылдың 3 айлық көрсеткіші бойынша 3 өтініш қарастырылды, барлық өтініштер қанағаттандырылды.

Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бағыты бойынша

     Ақтөбе ауылының ауыз су құбыры қанағаттандырылық жағдайда. Ақтөбе ауылының су құбыры Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 26.03.2020 жылғы №14/06 қаулысының негізінде «Ботақара су қожалығы» КМК-не тапсырылды.      

     Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоның құжаттары рәсімделді әділет басқармасына тіркелді. Эмиссияға рұқсат құжаты жасалды.

Мемлекеттік активтер және сатып алу бағыты бойынша

     Отқазандық ғимаратының, екі ауыл ішінің жолдары коммуналдық меншікке қоятын құжаттары әзірленуде толықтай әзірленіп болған соң тіркеуге міндетті түрде қойылады. Балабақша ғимараты құжаттары рәсімделді әділет басқармасына тіркеу  үшін мемлекеттік сатып алу бөліміне тапсырылды.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік бағыты бойынша

     Округ тұрғындарына кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Несие алып кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтар бар.

     Ынтымақ су қоймасының жанынан туризм ашу жобалары туралы жарияланды, үміткерлер іздестірілуде, жеке кәсіпкер Ақтөбе ауылының «Дарбаза» платинасына балық шаруашылығымен айналысу үшін жер телімін беру жұмыстары рәсімдеуде.

     Ауылдық округ тұрғындарына монша, наубайхана, дәріхана, шаштаразы және т.б. кіші кәсіпкерлік объектілерін ашуға ұсыныстар айтылды нәтиже жоқ.

     «Жол картасы бизнесі 2020» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы бағыты бойынша

     2020 жылдың қаңтар айының көрсеткіші бойынша ҰММ 1673 бас, ІҚМ 2023 бас, жылқы 1049бас.

     Ауыл шаруашылық жер телімдерін электронды картаға енгізу жұмыстары шаруа қожалық басшыларының жер құжаттарынына салғырт қарауына яғни тиісті түрде рәсімделмеуіне байланысты округіміз аудан бойынша төмен пайыз көрсеткішіндеміз.

      Округ тұрғындарына және шаруа қожалықтарына, аудандық тапсырма бойынша жалпы соммасы 60,0 млн теңге құрайтын 5 арнайы ауыл шаруашылық техника алынуы жүктелген. Шаруа қожалықтарының алған техникалары мен құралдарына тиісті құжаттарын ұсынып, ауылымыздың инвестициялық көрсеткішін көтеруге мүмкіндік береді.

Ветеринария бағыты бойынша

     Округ тұрғындарына кәсіпкерлік ашып мал сою орындарын ашуға, өлген малдарды көму қорымын жасау жұмыстары туралы түсіндіру жүргізілді ашуға ниетті тұлғалар қарастырылуда. Жеке меншік малдарына ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін мал қамау орыны жасалған.

Жер қатынастары бағыты бойынша

      Жер қатынастар жұмысы бойынша, тиімді пайдаланылмай жатқан 47 ауыл  шаруашылық жерлер иелеріне ескерту қағазы табысталды. Әкімдік аудандық жер инспекциясымен бірлесе тексеру, анықтау жұмыстарын жүргізілуде. 

Білім саласы бағыты бойынша

      Білім беру саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға, бала санын көбейтуге, оқушыларға сапалы білім қызметін беру қолға алынуда. Ол үшін мектептерде, амбулаторияда, клубтарда салауатты өмір салты насихатталып әр түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Дене шынықтыру және спорт бағыты бойынша

     Ақтөбе және Ынтымақ селоларында орналасқан кордтарда кешкі мезгілде күн сайын футбол ойындары өтеді. Мереке күндеріне арнайы жарыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Жақын орналасқан округтермен жиі футболдан сайыстар ұйымдастырылады. Осыған қарамастан округіміздің мектеп қабырғаларында арнайы секциялар ұйымдастырылмаған, нәтижесінде аудандық жарыстарға қатысудан округіміз  төмен пайыз көрсеткішінде.

Жұмыспен қамту бағыты бойынша

     Жұмыссыздықты төмендету жолы жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған тұрғындарды бос жұмыс орындарына орналастыру. Ағымдағы жылға жоспар - 80 адам, орындалғаны - 10 адам немесе 15 % .

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік 2017-2021» бағдарламасы бағыты бойынша

    Қоғамдық жұмыспен 3 адам қамтылды.

Қазақстан  Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бағыты бойынша

     Мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы істері туралы хабарлау үшін «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Келушілердің мемлекеттік қызметшілердің  этикасын бақылау кітабы мен сенім телефонының номері, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшік бар. Әкімнің тұрғындарды жеке қабылдау кестесі жасалған.

     Қазақстан  Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты мамандардың орындаушылық тәртібін көтеру бойынша түсіндіру жұмысы әкімдік аппараты жиынында  ұдайы тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасы Кешенді жоспарының іс-шараларының  орындалуы бойынша

     Ақтөбе ауылдық округі тұрғындарына территорияларын, аулаларын санитарлық тазалыққа сай ұстаулары туралы жиындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді және күл-қоқыстарын төгуге арнайы орындар жасаулары туралы айтылды. Көшелерді тазалықта ұстау мақсатында әкімдіктің ұйымдастыруымен апта сайын сенбіліктер өткізіледі.  Территорияларын, аулаларын санитарлық тазалыққа сай ұстамаған тұрғындарға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатындығы туралы ескертілді.

     Құқық бұзушылықты болдырмау  және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында село көшелері жарықтандырылды.

     Кәмелетке  толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында сабақтан тыс оқушылардың ата-аналарының қатысуымен  полиция қызметкері  мен аппарат мамандары ай сайын рейд жүргізеді.

     Ақтөбе ауылдық округі тұрғындарына елді мекендердегі мал ұстау орындарын техникалық нығайтулары туралы және мал ұрлығының алдын алуға малдарды қараусыз бос жібермеу туралы аппарат мамандары учаскелік полиция инспектормен бірлесе жиындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Денсаулық сақтау бағыты бойынша

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы орындауда Ақтөбе селосында  дәрігерлік  амбулатория  жұмыс жасайды,  арнайы автокөлігі бар және 4 маман халыққа қызмет көрсетуде. Ынтымақ селосында медициналық пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады.

Өзекті мәселелер

1. Ынтымақ ауылына ауыз су құбырларын тартуға аудандық бюджеттен қаражат бөлінуі талап етіледі.

2. Ауылдар ішіндегі жолдарды жөндеуге аудандық бюджеттен қаражат бөлінуі талап етіледі.

3. Көктемгі су тасқыны салдарынан бұзылып қалған Ынтымақ ауылының бойындағы Темиртау-Киевка тас жолындағы Көкпексай көпірінің жаныңдағы қорғаныс бөгетін жөндеуге аудандық бюджеттен қаражат бөлінуі талап етіледі.

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.