100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Сырласайық, жеңеше!

Қабыл Боранбаев атындағы негізгі мектепте ұлттық бағыттағы қыз бен жеңге арасындағы  тәрбие саласын жандандыру мақсатында жеңге мен қайынсіңлілерінің қатысуымен «Сырласайық, жеңеше!» атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты - қазақ қыздарына тән ізеттіліке, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеуде қыз жеңгелерінің де алатын орны ерекше екеніне, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгелерінің алар орнын ұғындыру болды.

Көпшілік қауым бұл күнде де мектеп ғимаратын бетке алды. Залда ине шаншар жер жоқ, халыққа лық толы. Сайысқа 5 жұп қатысты.

Қазақ халқы қай уақытта да балаларының іс-әрекеті мен мінез-құлқына қарай еркелетіп, сондай-ақ жеңгелері қайынсіңілілеріне қосымша есім берген. Сол дәстүр бойынша әр топтың аты жеңгелері қойған есімдермен аталды. 1-топ «Еркежан» жеңгесі Гауһар  Қонысбаева, қайынсіңілісі М. Жүнісова (5 сынып оқушысы), 2 топ - «Айнам-ай»,  жеңгесі Айгүл Әбеуова мен қайынсіңілісі Ерубаева Айгүл (8 сынып оқушысы) , 3 топ -«Ботақан», жеңгесі Гедуш Жанна мен қайынсіңілісі Бактаева Әсел (8 сынып оқушысы ), 4 топ- «Еркегүл» жеңгесі Жұманова Динара мен қайынсіңілісі Жұманова Айзада ( 9 сынып оқушысы), 5 топ - «Нәзігім», жеңгесі Н.Төстікбаева мен Ахметбекова Ұлпан (7 сынып оқушысы).

Қайынсіңілілерін қадірлеген жеңгелер 9 кезеңнен тұрған сайыста ұлттық құндылықтырды-  тіліміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттауда өз қал-қадірінше дайындалғандарын барша көрерменге көрсете білді.

«Сырымыз бір жеңгелер», «Ата мұраң - асыл қазынаң», «Зерделі болса жеңешем» жағдаяттан шығу кезеңдерінде үміткерлердің сөйлеу шеберлігіне, сөз қолданыстары, ойының жүйелілігіне баса назар аударылды.

Мерекелік шараға қатысқан жеңгелер «Зерделі жеңге», «Инабатты жеңге», «Сырлы жеңге», «Өнерлі жеңге», »Асыл жеңге» номинациялары бойынша жеңімпаздар болып табылды. Осы кешті  мәнді де, тартымды өткізуге 7-сынып оқушылары мен сол сыныптың жетекшісі Анар Имантайқызы Ақбаеваның еңбектері айтарлықтай болды.

Ә. Байділдинова,

мектеп директоры

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.