Информационный портал аппарата акима
Бухар-Жырауского района
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы
Ауданымыздың Доскей ауылдық округінде «Здоровье продукты» құс фабрикасын салуға байланысты салтанатты түрде бірінші ірге тасын қою рәсімі болды.
Болашақ «Здоровые продукты» құс фабрикасының бірінші ірге тасын қою құрметіне «КазАгроФинанс» АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжанов және облыс әкімінің орынбасары Төлеутай Рахимбеков ие болды.
Рәсімді қысқаша кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімі Еркебұлан Нашаров Елбасымыздың агроөнеркәсіп кешенінің бәсекелестік қаблетін арттырып, осы саланы әр тараптандыруға маңыз беріп отырғанын айтты. Елбасымыздың ауыл шаруашылығын өркендетуге байланысты қойып отырған талабы агроөнеркәсіп кешенін модернизациялауды, өндірісті қайта жарақтандыруды және өнім сапасын жақсарта түсуді қажет етеді. Сондықтан да алдағы уақытта ауыл шаруашылығын дамытудағы жұмыс агроөнеркәсіп кешенін индустриалды-инновациялық дамыту міндетін шешуге бағытталуға тиіс. Биылғы жылы облыстық ауыл шаруашылығы секторы бойынша индустриализациялау картасына 5,8 млрд. теңгенің алты жобасы енгізілген. Соның ішінде құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын, ауданымыз бойынша салынайын деп жатқан «Здоровые продукты» құс фабрикасы. Бұған жұмсалатын қаражат «ҚазАгро» АҚ басқармасы арқылы жүзеге асырлады.Аталмаш құс фабрикасы жылына 5 мың тонна бройлер етін өндірумен қатар 200 адамды жұмыспен қамтыйтын болады.
«ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков рәсімге қатысушыларды бағдарламаның жүзеге асуымен құттықтап, негізінен ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру мәселесіне тоқталды. Елбасымыздың қолдауымен биылғы жылы шаруа құрылымдары мен шаруа қожалықтарына былтырғы жылға қарағанда екі есе несие бөлу жоспарланып отыр. Бұл несиелер құс фабрикаларын салуға және қуатын арттыруға, ауыл шаруашылығы өрімдерін өңдейтін кәсіпорындар аясын ұлғайтуға жұмсалатын болады. Соның бірі осы аймақта салынатын «Здоровые продукты» құс фабрикасы. Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орны, жергілікті бюджеттің көбейе түсуі және осы аймақтың дамуының кепілі болмақ деп қорытты сөзін А.Мамытбеков.
«Здоровые продукты» құс фабрикасы бас жоспар бойынша Трудовой селосынынан алыс емес қашықтықта орналасып, өндірістік жайлар, құс сою цехы, балапан басып шығаратын, тауықтарға арналған жайлар бой көтеретін болады.Фабрика құрлысы келесі жылы аяқталып, ет өнімдерін шығару жоспарлануда.
А.Жұмақаева.