100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Рәміздеріміз жасай берсін!

4 -маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күні қарсаңында Бұқар жырау ауданында «Бейбітшілік пен бірліктің тәуелсіздік рәміздері» атты жастардың патриоттық акциясы болып өтті.
Жастармен жұмыс жасау орталығы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және ішкі саясат бөлімдері бірлесіп ұйымдастырған акцияға ауданымыздағы әр салада жұмыс жасап жүрген жастармен қатар, №1 қазақ мектебі мен Гагарин орта мектебінің оқушылары қатысты.
Акция Нұр отандандықтардың киімін киген жастар мен мектеп оқушыларының шеруінен басталып, әрі қарай мәдениет үйінің аспан астындағы сахнасындағы арнайы дайындалған бағдарламаларына ұласты.
Ортаға салтанатты түрде ту әкелініп, әнұранымыз қалықтады. Осыдан кейін аудан жұртшылығын, жиналған жастарды құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Асхат Әли сахнаға көтеріліп, барлығын осындай айтулы мерекемен құттықтай келе, «әрбіріміз еліміздің рәміздерін сыйлап, қорғап, бағалауға міндеттіміз. Патриотизмді күшейту үшін рәміздерімізді құрметтей білуіміз керек»,-деді.
№1 қазақ мектебінің болашақ ұйымы «Ақ ниетті алтын күн - мәртебесі халқымның» деген ән шырқаса, осы мектептің «Балдәурен» хоры «Қазақстан думанды елім» әнін орындады.
Сондай-ақ Алтай Әлібеков «Адай» күйін орындап, басқа өнерпаздар патриоттық тақырыптағы ән-жырдан шашу шашты.
Ал кітапхана ұжымы жиналғандарға викториналық сұрақтар шешкізіп, «Рәмізсіз мемлекет болмайды» деген екі тілдегі жадынамалар таратты. Қойылған сұрақтарға жиналғандар мүдірмей жауап берді. Бұған қарап, көпшіліктің арасында жүрген жастардың бәрі дерлік елінің рәміздерін білетіндерін байқасақ, әнұран ойналып тұрғанда алаңдағы кейбір қазақстандықтардың қолын кеудесіне қоймағанын  айтпағанда орындарынан да тұрмай отырғандары да болды. Бұл нені білдіреді, әлде қарапайым халықтың рәміздерден мүлдем хабарлары болмағаны ма?
Елдігімізді айқындайтын рәміздерімізді көкте қалықтатып, әрқашан биікте ұстап, құрметтеуге міндеттіміз.
К.Бейғамқызы

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.