100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Әлем әуені әлдилеген –Астана

Алтыншы шілде - Астана күні!
Жадыңнан, шырақ, тастама мұны,
Жаңа шаңырақ көтеріп биік,
Жаңа дәуірге бастама күні,- деп Н.Назарбаев жырлағандай, 6-шілде - Отанымыздың жүрегі, ару Астананың туған күні бүкіл Қазақстан бойынша тойланып жатыр.
Осы күні Қушоқы кенттік модельді кітапханасында “Әлем әуені әлдилеген - Астана” атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Кітапхананың іші шар, гүл, цитаталар жазылған қағаздармен безендіріліп, Астана туралы әсем әуен ойнап тұрды.  Кешті еліміздің әнұранымен бастаған балалар “Жасай бер, жаса Астана!”, “Үш анық”, “Астана думан”, “Астана – Бәйтерек”, “Ару қалам – Астана”, “Армандай асқақ Астана” тағы басқа өлеңдермен қатар, “Адай” күйін, “Ақ тілек”, “Елім менің” тағы басқа әндерімен сабақтады. Жанар, Әйгерім, Меруерт сынды қыздарымыз мың бұрала билесе, Аязбек пен Бейбарыс қазақтың “Қара жорғасын” биледі.
Астана деп тебіреніп, мәнерлеп өлең оқығанда олардың кішкене жүректеріндегі Астанаға, туған елге, жерге деген махабаттарын олардың күлімдеген көздері мен шаттанған жүздері паш еткендей. Кешті жүргізген 2010 жылдың түлектері Нұрсұлтан мен Парасат ақын Т.Молдағалиевтің “Бәйтеректің төбесіне шығып мен” өлеңімен Ұ.Есдәулетовтің “Астана туралы ән” өлеңінен шашу шашты.
Қонақтарға “Ғасыр қаласы - Астана” атты кітап көрмесі мен “Астана – столица моей Родины” атты сурет көрмесі таныстырылып, “Астана – арман қала” атты слайд көрсетілді.
Астана – еліміздің Ақ Ордасы, алтын діңгегі. Аз ғана жылдың ішінде әлемге танылған Астана - бар қазақтың мақтанышы. Осынау әсем қалаға қанша маржан сөзден жыр шумақтары өрнектелсе де жарасымды.
Ендеше, біз де ару Астанаға жаса, жайна, өсе бер деген ақ тілегімізді арнаймыз.
Б.Бокаева, А.Жалелова,
Қушоқы кенті кітапханашылары

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.