| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
Маусым айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан лагерь біз үшін таптырмас көңіл көтеру орны болды. «Түймедеқ» жазғы сауықтыру алаңында 80-85 оқушыға дейін жиналып отырды. Таңертең 9-да жаттығу жасап, ұранымызды ұрандата, біз рухтанып аламыз да, саппен жүріп, хормен ән айтып, күнделікті шараларды бастайтын әдетімізге айналды. Балалар көп болғанда әртүрлі қызықты ойындар ойнауға ыңғайлы болады екен. Өзім бір күнін босатпай барып жүрдім. Әсіресе, спорт кешенінде үлкен алаңда футбол ойнау деген арманыма қанат біткендей болды. 7-сыныптарға қарсы топ болып ойнасақ та, жеңіліске жеткен күннің өзінде сыныптастарым еш мойымады.
Жетекшілердің құрған жоспарлары бойынша, саябаққа, кітапханаға, мұражайға, мәдениет үйіне, «Сарыарқа» спорт кешеніне және өзен жағасына, тауға, кентіміздің көрікті жерлеріне барып, ойындар ойнап, танымдық қабілеттерімізді жетілдіріп отырдық.
Жайдары жаздың нағыз ыстық күндері осы 1-10 аралығында болды деуге болады. Сондықтан ұстаздар қауіпсіздік ережелерін ескеріп, медбике Мауенова Нағима апаймен қоса Ербол Нұрғанат ағамыздың қарауымен өзен жағасында көңіл көтеріп демалдық. Суда неше түрлі жүзу әдістерін үйреніп қана қоймай, ұстаздармен әр түрлі ойындар ойнап уақытымыздың қалай өтіп кеткенін білмей де қалдық. Маусымның 10-ы күні есте қаларлықтай жай болды. Біз Қарағанды қаласындағы хайуанаттар бағына саяхатқа бардық. Онда жануарлар мен аңдардың көптеген түрлерімен таныстық, хайуанаттар жанында естелікке фотосуреттерге түстік. Менің достарым сондай риза болды, өзім де ұстаздарға алғысымды айттым. Енді осы саяхатты ұйымдастырған ең бірінші мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Құсбекова Сандуғаш Темірқызына, Ботақара кентінің әкімшілігі бөлген автобус және жүргізушісі Әбдірахманов Даурен ағаға, қауіпсіздігімізді қадағалап барған полиция қызметкері Бейсенов Ерғали ағамызға, сонымен қоса бірге жетекшілік етіп барған ұстаздарымыз: Мұқышева Шынар Сейдуалиқызы және Әділова Жанар Сарқытбайқызы мен Әшірбекова Нұргүл Жарылғапқызына алғыс айтамын.
Осы кездегі лагерь тамаша, қызықты өтті, тек саябақтағы балаларға арналған әткеншектерге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Аяз Сарбасов,
№1ҚОМ 6-сынып оқушысы
Комментарии (0):
Комменатриев нет.