ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА
БУХАР-ЖЫРАУСКОГО РАЙОНА
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Аналарды аялайық, барымызды аямайық!
Ауданымыздың төрінде төгілген ән мен жыр, ізгі тілектер таусылған емес. Ана дегенде әңгіме тіпті, бөлек. Ананың ақ жаулығы бүкіл әлемді жамандықтан сақтап тұратындай көрінеді. Жүректерінен шыққан ақ батасы мен тілектеріне не жетеді десеңізші. Барлық адамзаттың жанын баурап алатыны белгілі. Аналар қартайса да, қасымызда қамқоршы болып, ақылын беріп отырса, соның өзі адамның өмір сүруіне ықпалы мол. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Бәйтерек» кафесінде аналарға арналып, ақ дастарқан жайылды, әсем ән шырқалды. Ботақара кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шаттыққа толы шарада аналарға сыйлық та үлестірілді. Дастарқан басына ауданымыздың алтын, күміс алқалы аналары жиналып, мерекенің мерейлі көңіл күйіне бөленді. Кент әкімінің орынбасары Мәди Жұмашев барлық аналарды төл мерекелерімен құттықтап, шын жүректен лебізін білдірді. Сондай-ақ, кент әкімдігінің қызметкерлері де шын ниеттерімен дастарқан жасап, ас мәзірін аналардың алдарына қойды. Аналарға қандай тілек айтсақ та, артық болмайды ғой. Ізгі тілектердің ізін суытпай арнайы қонаққа келген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арбабаев пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Н.Алексеева нәзік жандарға денсаулық тілеп, жүрекжарды жылы сөздерін айтты. Алтын алқалы Ж.Құсайынова мен күміс алқалы К.Беркамалова осындай шараның өтіп жатқанына дән риза екендерін айтып, барша аналарды мерекемен құттықтады. Аналарымыз тек дастарқаннан дәм татып қана қойған жоқ, әннен де құлақ құрышын қандырды. Шараны жүргізушілер Лаура Оразбекова мен Әсия Бекболатова аналардың барынша көңілін тауып, өлең жолдарын ұсынды. Көлдей көңілі бар, аяулы жандар жадырап, жайқалып сала берді. Осындай шын ықыластың аясында аналарымыз әсем ән тыңдап, би билеп қайтты. «Асыл әже», «Әгугай», «Арнадым саған», «Ризамын» сынды қазақ әндері орындалып, асыл аналардың жүрегіне жеткендей болды. Аналарды ұмытпай, ұлықтай жүру керек екенімізді әрбір жан жадымызда сақтайық. Ананың ақ сүтін ақтайық! Барымызды аямайық, алақанға салып аялайық! Ә.Орынтаева
Вернуться к списку новостей
Комментарии (0):
Комменатриев нет.