| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
Бүкіл әлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні
Ұлт байлығы - кітап деген қазына
“Кітап маған тақтан да қымбат”, -деген Шекспирдің қанатты сөзі бар. Осыған қарағанда, кітаптың құны барлық асыл заттың құнынан да бағалы болғаны ғой. Ал, орыс жазушысы М.Горький “Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем” депті. Біздің ұлы ақын А.Құнанбаев “Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге” деген екен.
Бұл үш ғұлама кітап атты қазынаны тақтан да, байлықтан да артық көріп, еріншектікті тастап, кітап оқуға шақыра отырып, кітаптың бағасы бәрінен де қымбат екенін айтудан жалықпайды.
Кеңес дәуірінде өмір сүрген адамдардың көбісі кітапты қатты бағалаған. Кітаптағы әдемі өрілген әңгімелерден адам баласына рухани азық беретін тарихи деректер сыр шертіп тұрады. Үлкендердің, мектеп ұстаздарының қазіргі жастардың кітап оқымайтынын айтып налитындары бар. Бірақ, адамдардың барлығына бірдей топырақ шашуға болмас. Осы кездің де өз оқымыстылары бар.
Бұған дәлел - 1996 жылдан бастап тойланып келе жатқан “Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні”. Осындай адам санасына нұр құятын мерекені атап өтуді қолға алған аудандық кітапханаларды дамыту секторы екендігін ерекше атап өткіміз келеді.
23 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде “Кітапхана. Кітап. Оқырман” шығармашылық алаң фестивалі болып өтті. Аталмыш шара кітап деген құндылықтың қадірін білетін жандар бар екендігін растады.
Құттықтау сөзімен шыққан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Колоскова:
- Халықаралық кітап мерекесі құтты болсын! Кітап адамдарды өткен тарихпен байланыстырып тұратын көпір іспеттес. Барлықтарыңызды кітап оқуға шақырамын,-деді.
А.Бейсенбек “Кітапханам” деп жырласа, Н.Борашев «Арнау өлең» деген өлеңін ортаға салды. Осындай өлеңдері арқылы мектеп оқушылары кітаптың бағасын жақсы білетіндерін дәлелдеді.
Одан әрі 6 алаң кітапханашылары өздерінің өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңіліне жол табуға тырысты. 1 алаң - Новоузенька селолық модельді кітапханасы «Кім екенін тап? Кто есть кто?», 2 алаң – Аудандық балалар кітапханасы «Әдеби карнавал. Литературный карнавал», 3 алаң – Көкпекті селолық модельді кітапханасы «Ойын лотосы. Игровое лото», 4 алаң – Қарақұдық селолық кітапханасы «Литературная карта области. Облыстың әдеби картасы» , 5 алаң – Мұстафин кенттік балалар кітапханасы «Сиқырлы сандықша. Волшебный сундучок», 6 алаң - Аудандық орталық кітапхана, оқырмандарға қызмет көрсету секторы «Кітапашар. Библиоашар» сынды сайыстар ұйымдастырды. Әрбір алаң ән, би өнерлерінен де шебер екендіктерін көрсетті. Алаң фестивалінде үлкен де, кіші де атсалысып, кішігірім сыйлықтарға ие болды.
Фестивальді тамашалап болған соң, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Шибаева барлық жеңімпаздарды сыйлықпен марапаттап, кітап мерекесімен құттықтап, жылы сөзін білдірді.
Осы орайда, «Сізге қажет кітап. Книга подана» электронды тұсаукесер номинациясына барлығы 15 жұмыс тапсырылып, алғыс хат аудандық орталық кітапханасына, ІІІ жүлделі орын Үміткер селолық модельді кітапханасы мен Мұстафин кенттік модельді балалар кітапханасына, ІІ жүлделі орын Новузенька селолық модельді кітапханасына, І жүлделі орын Тоғызқұдық селолық модельді кітапханасына лайық деп табылып, марапаттар тапсырылды. .
«Біз кездейсоқ жандар емеспіз. Мы в профессии люди не случайные» эссе, очерк жанры номинациясы бойынша барлығы 20 жұмыс қаралып, осы байқау бойынша 2 номинация тағайындалды. «Іске сәт, жас маман» номинациясының иегері Нұра селолық кітапханасының кітапханашысы Е.Ардахан, «Мамандығым - мақтанышым» номинациясының иегері Дубовка селолық модельді кітапханасының кітапханашысы К.Есенбаева марапатқа ие болды.
ІІІ жүлделі орын иегері Көкпекті селолық модельді кітапханасының кітапханашысы Л. Моцная, ІІ жүлделі орын иегері Новоузенька селолық модельді кітапханасының кітапханашысы М.Масалова, І жүлделі орын иегері Тоғызқұдық селолық модельді кітапханасының кітапханашысы Л.Кисиль, «Менің кітапханам. Моя библиотека» номинациясы бойынша барлығы 20 кітапханадан 26 жұмыс қаралып, «Үкілі үміт» номинациясының иегерлері Ақжар селолық кітапханасының оқырманы А.Бейсенбек, Нұра селолық кітапханасының оқырманы Н.Борашев, «Мама, малышка и книжка» номинациясының иегері Мұстафин кенттік модельді балалар кітапханасының библиографы В.Михель, «Кітапханам - мақтанышым» номинациясының иегері Ақбел селолық кітапханасының оқырманы Д.Темірханова, «Библиотека – мой дом» номинациясының иегері Көкпекті селолық кітапханасының оқырманы Е.Улаева, ІІІ жүлделі орын иегері Центральный селолық кітапханасының оқырманы С.Аюкаева, Жаңаталап селолық кітапханасының оқырманы Е.Рахат, аудандық орталық кітапхана оқырманы Л.Скалуба, ІІ жүлделі орын иегері Новоузенька селолық кітапханасының оқырманы З.Судницына, Тоғызқұдық селолық кітапханасының оқырманы Р.Ивченко, І жүлделі орын иегері Дубовка селолық кітапханасының оқырманы С.Сүлейменова, «Мен қатысқан... Я был участником...» номинациясы бойынша барлығы 12 жұмыс қаралып, ІІІ жүлделі орын иегері Үштөбе селолық модельді кітапханасының оқырманы С.Браунға, Мұстафин кенттік балалар кітапханасының оқырманы Т.Лисаковскаяға, ІІ жүлделі орын иегері Тоғызқұдық селолық кітапханасының оқырманы Л.Ширяеваға, І жүлделі орын иегері Көкпекті селолық модельді кітапханасының оқырманы Н.Нұрашеваға ақшалай сыйлық табысталды.
Ал, шығармашылық алаңдардың арасында аудандық орталық кітапхана, балалар кітапханасы, Көкпекті селолық кітапханалары белсене қатысқандары үшін алғыс хат пен 5 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталса, ІІІ орын Мұстафин кенттік модельді кітапханасына 7 мың теңге, ІІ орын Новоузенька селолық кітапханасына 8 мың теңге, І орын Қарақұдық селолық кітапханасына 9 мың теңге табысталды.
Сондай-ақ, “Кітап – досың, ақылшың” атты көрме ұйымдастырылып, онда Н.Дәутайұлы, Ө.Қопабаев, М.Жолдасбеков, Р.Отарбаев тағы басқа жазушылардың кітаптары қойылды.
Әсерлі әрі қызықты өткен фестивальдің соңында “Қара жорға” биі биленіп, барлығы көңілді тарқады. Адамдардың жүрегін жылытатын, көкірегін оятатын, көзін ашатын кітап атты қазынаға арнаған күн осылайша өтті.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.