100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Елбасымыз өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айқындады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғалы  еліміздің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жүргізіліп, жылдан жылға күшейіп келеді. Міне, осындай іс-шаралардың бірі кеше Бұқар – Жырау ауданында болып өтті.

Аудан әкімі Нұркен Кобжановтың   төрағалығымен өткен отырыстың негізгі бағыты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болды.

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарлама аясында өткізілген отырысқа Бұқар-Жырау ауданының  прокуроры Ж.Е.Сыздықов шақырылды. Күн тәртібіне мемлекеттік сатып алулар  жүйесіндегі мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдайтын әрекеті туралы және  жер учаскілеріне құқық беру барысында орын алатын  ҚР Жер  Кодексінің талаптарын бұзу фактісін анықтау және оның алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету, жер иелерінің негізгі мақсаттарының өзгеруі, жер учаскілерін пайдалану немесе пайдаланбау мәселелері және т/б көптеген сұрақтар талқыға салынды.  

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға ауданымыздың экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Ж.Нұрланова  қатысып, комиссия мүшелеріне мемлекеттік сатып алу тұрғысындағы заңдылық тәртіптің механизмдерін таныстырды.  

Аудан әкімі барлық бөлім жетекшілеріне мемлекеттік сатып алуларды тиісті сараптамасыз өткізбеуді талап етті, тіпті мемлекеттік сатып алуларды  сараптамасыз өткізген жетекшілердің жазаланатындығын ескертті.  

Келесі кезекте  Жер қатынастары бөлімінің бастығы Мәдениетов Ерлан Мәдениетұлы баяндама жасап, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының аясында, бүгінгі таңда орын алатын жерге қатысты мәселелерді атап өтті. Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында  Жер қатынастары бөлімімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша көптеген іс-шаралар атқарылып жатқандығын, атап айтқанда,  тиісті медиа жоспар әзірленіп бекітілгенін, жер заңдылығында  құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында жер қатынасы бөлімінің  ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары жазылған  стенд орнатылғандығын айтты.  Сонымен қатар, Ерлан Мәдениетұлы – халықты жер туралы заңнамалармен құлақтандыру мақсатында: азаматтарды жеке қабылдау,  мерзімді баспасөз беттері арқылы хабарламалар жариялау, бұған қоса, қазіргі кезде  ақпаратқа жедел жауап беру үшін «сенім телефондары»  жұмыс істеп жатқанын айтты.

Жалпы, дөңгелек үстелге жиналған комиссия мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу негізіндегі ой-пікірлері тыңдалып,  аталмыш отырыс комиссия төрағасының төмендегідей міндеттемелерімен қорытындыланды:

Экономика және қаржы бөліміне аудан деңгейінде мемлекеттік сатып алулардың заңдылықтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа  түсіндіру жұмыстарын жүргізу; мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алулар туралы заңының нормаларын  бұзған орындаушыларға қарсы талап-арыздар мониторингісін  жүргізу; заңға енгізілген өзгерістерді  тиісті органдарға уақытылы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу жүктелді.    

Ауданымыздың Жер қатынастары бөліміне: халыққа жер телімін  ұсыну мәселелерін  БАҚ арқылы  үнемі ақпараттандырып отыру; сатып алынған жер теліміне қарыздарды өндіріп алу жұмыстарын сот арқылы   реттеу т/б тапсырмалар жүктелді.

Комиссия төрағасы сонымен қатар, отырысқа  жиналған қауымға  отырыс барысында көзделген жұмыстарын жалғастырып, алдағы уақытта тиісті іс-шаралар жүргізіп, тағы бір кезектен тыс жиналыс өткізуді  ұйымдастыру тапсырылды.  

 

 

Баспасөз қызметі

 

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.