100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Бүгін 19 наурыз күні Центральный ауылының мәдениет үйінде, аудан бойынша жиырма төртінші,  модельді кітапхананың ашылу салтанаты болып өтті.

Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа үлгісіне ие болған кітапхананың бүгінгі күнде  650-ге жуық оқырманы бар және кітапхана қорында 16 000 кітап бар.

Аталмыш кітапхана заманауи байланыс құралдарымен, телефонмен және заманауи жихаздармен жабдықталған, сонымен қатар интернет желісі де бар.

Модельді кітапхананың аға кітапханашысы Чернышкова Татьяна Егоровна өзінің білімділігімен, шығармашылық қабілетімен оқырман ілтипатына бөленіп, 2012 жылы аудан әкімінің «ең үздік ауыл кітапханашы»  сыйлығының иегері атанған.

Қазіргі кезде кітапханалар ақпараттық мәдени-ағартушылық, ғылыми – зерттеу мекемесіне айналып отыр десек артық айтпаймыз. Өйткені жаңа үлгідегі бой көтеріп жатқан кітапханалар компьютер арқылы жаңа технологияларға ие болып, электронды ақпараттар қорын қалыптастырып, кітапхана қорын дамытуға зор үлес қосуда. Сондықтан осындай кітапханалардың ашылуы – өскелең ұрпақтың болашағына, оның білім- алып, сауат ашуына мүмкіндік береді.  

Аудан әкімі Нұркен Кобжанов Центральный ауылының тұрғындарын Наурыз мейрамы қарсаңында ашылып жатқан кітапхананың тұсаукесерімен құттықтап, естелікке мәтіндер мен суреттердің бейнесін компьтер жадында оптикалық енгізуге арналған құрылғы (сканер) тарту етті.

 

 

 

Баспасөз қызметі

 

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.