| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
13 қазан аудан әкімі Шагурашид Мамалинов бастаған топ Самарқанд ауылдық округіне қарасты Чкалова ауылының тұрғындарымен кездесті.
Жиынға аудан прокуроры Ж. Сыздықов, «Казводхоз» облыстық филиалының басшысы Д.Т. Абжанов, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы А.И.Халтонов, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Р.М.Тулепбаев және аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық басқарма, бөлім басшылары, сондай–ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында көктем мезгілінің апатсыз өтуіне жағдай жасауда атқарылған жұмыстар жайында, сонымен қатар, тағы қандай жұмыстар жүргізу қажеттілігі талқыланды. Ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелері тыңдалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан басшысы қазіргі уақытта төтенше жағдайларды болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқандығын атап өтті.
Жиын соңында ауыл тұрғындары аудан әкіміне көкейде жүрген сұрақтарына толық жауап алғандықтарын айтып, осындай түсіндіру жиын өткізгеніне ризашылықтарын білдірді.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.