100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

НАШАҚОРЛЫҚ-ТҰҢҒИЫҚ ТҮБІ

Өміріңді мәнді өткіз бос қылма,
Арақ пенен темекіні дос қылма.
Нашақордың үлгі етсең істерін
Адам емес болғаның ол бос тұлға.

Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы он жылда еліміздегі нашақорлар тобы молайып, оның ішінде балалар арасындағы есірткіге құмарлар қатары 13 есе өскен екен. Соның ішінде есірткі дертіне шалдыққандардың жасы отыз жастан жоғары емес. Бұл жағдай күннен-күнге есірткі пайдаланушылардың “өрбіп” келе жатқандығын дәлелдейді. Талай жеткіншек нашақорлық салдарынан қауіпті кеселдің құрбанына айналып, жыл сайын ата-ана, туған-туыстарына қайғы-қасірет әкеліп жатыр.

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын басшылыққа ала отырып, қараша айының 18-інші жұлдызы күні Қушоқы кенті әкімі: Қайрат Нұрмұқанұлы Құсайынов, Аурухана бөлімі бас дәрігері: Мусина Балқия Абаевна, Қушоқы кенті орта мектебінің директоры: Жумабеков Асқар Төлеутаевичтің, Тәрбие жұмысы басшысы: Алибаева Қарлығаш Атабековнаның басшылығымен және ұйымдастыруымен Қушоқы кенті орта мектебінде 9-ыншы және 11-інші сыныптар аралығында «Нашақорлық- тұңғиқ түбі» атты тақырыпта іс-шара өткізілді.

 Аурухана бөлімі бас дәрігері: Мусина Балқия Абаевна және Әкім аппаратының бас маманы: Уримхан Алтынгүл мектеп оқушыларына «Темекі шегу әлде денсаулық?», «алкогольдің ағзаға тиетін әсері», «мен досыма есірткіден қорғану үшін не дер едім?», «поговорим о курение-поговорим о наркомании», «жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар», «вич и спид» атты тақырыпта ақпараттық үн парақ және кітапша таратты.

Аурухана бөлімі бас дәрігері: Мусина Балқия Абаевна «Влияние алкоголя на организм», Курительные смеси «отправляют» в точку «невозврата» атты тақырыпта баяндама оқыды және толық түсінік бере отырып мектеп оқушыларымен сыр бөлісті.

Әкім аппаратының бас маманы: А. Уримхан мектеп оқушыларына «Нашақорлық- тұңғиық түбі», «Нашақорлық және құқық бұзушылық» «Жастар және нашақорлық» атты тақырыпта баяндама оқып толық мәлмет береді және әңгімелесу жүргізді.

Қушоқы кенті орта мектебінің директоры: Жумабеков Асқар Төлеутаевич іс-шараға қатысып, мектеп оқушыларына Темекі тартуға біреу үгіттесе немесе мәжбүрлеу жағдайлары орын алатын болса бірден сынып жетекшілеріне немесе тәрбие жұмысының меңгерушісіне сонымен қатар, 102-номеріне құқық қорғау органдарына хабарлау керектігін айтып жеткізді.

Қушоқы кенті орта мектебінің әлеуметтік тәрбие жұмысының меңгерушісі: Курубаева Гульнара Момыновна, Жалпы тәжірибелік дәрігер: Мамутова Айгерим Хайрулловна мектеп оқушыларына арнап «Нашақорлық» тақырыбында бейне-көрініс, суреттер көрсетті.

Қушоқы кенті учаскелік полиция инспекторы: Укубасов Асхат Канатович іс-шараға қатысып, мектеп оқушыларына Темекі мен шашақорлық пайдалану заң талаптарына сай кәмелетке толмағанда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып жеткізді.

Іс шараны өткізу мақсатымыз: «Дені сау ұрпақ тәрбиелеу» және жас тұлғаларға өмірдің дұрыс ағымына қарай жол көрсету.Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және жолын болдырмау.

Қортытындылай келе, Қушоқы кенті әкімі аппаратының бас маманы: Уримхан Алтынгүл мектеп ұжымына және оқушыларына іс-шараға қатысқандарына, ұйымдастыруға ат салысқандарына үлкен рахметін білдірді.

 

 

Қушоқы кенті әкімі аппаратының

бас маманы

 Уримхан А.

фото
фото
фото
фото

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.