Шілде айының 15 жұлдызында Тоғызқұдық ауылының «Тайлақ» шаруа қожалығының басшысы Елеугийн Есенбек 120 орындық заманауи талаптарға сай жабдықталған тұрғындардың қуанышты шараларын өткізетін тойхана ашты. Тойхананың ашылуына ауылдың еңбектеген баласынан ақсақалды аталарына дейін жиналды. Тойхананың салтанатты ашылу рәсіміне ауылымыздың құрметті азаматтары ауыл әкімі Б.Бейсенбеков, ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Жотабаев, «ЗЕС» шаруақожалығының басшысы С.Зейнешев шақырылды. Ауыл әкімі Б.Бейсенбеков, ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Жотабаев тойхананың салтанатты ашылу рәсіміне құттықтау сөз сөйлеп ауыл тұрғындарына өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Тойхананың ашылу салтанатына ауылымыздың өнерпаз жастары қатысып, әсем ән айтып, домбырамен күй тартып шағын концерт ұйымдастырды.
Тойхана тұрғындар көңілінен шықты.
Тоғызқұдық ауылы әкімінің аппараты