Елімізде кәмелетке толмаған мектеп қабырғасындағы 15 пен 18 жас аралығындағы жүкті қыздардың саны артып кетуіне байланысты, мұндай проблеманың Қушоқы кентінде жайылып кетпеуі, орын алуына жол бермеу үшін ақпан айының он екінші жұлдызында Қушоқы кенті жалпы орта білім беру мектебінде «Қыздарға айтар ақыл бар» тақырыбында 8-11 сынып қыз балалар арасында
Аурухана бөлімінің бас дәрігері Б.А. Мусин - жыныстық тәрбие беруде де гигиеналық сұрақтарға тоқталады. Соның ішінде, балаларда физиологиялық өзгерістер пайда болардың алдында жыныстық тәрбие жөнінен хабарлар беріледі. Жынысына сәйкес жүргізілетін мұндай түсініктер қыз балалар үшін 12 жаста, ал ер балалар үшін 13 жаста өткізіледі. Жоғарғы сыныптардағы жасөспірімдерге медициналық және моральдық қарым-қатынас жағынан да дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға арналған дәріс оқыды, ашық әңгіме жүргізді.
Қушоқы жалпы білім беру орта мектебінің медбикесіне, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі мен әлеуметтік педагогке кәмелетке толмаған қыз балалардың жүкті болу жағдайы анықталып, орын алып жатса заң талаптарына сәйкес, дер кезінде білім беру басшылығы мен құзырлы органдарға ақпарат беруді және құпия сақтауды тапсырды және дер кезінде ақпарат бермей жасырып қалу және құпия сақтамай жауапкершілікке әкеп соқтыратынында ескертті
Қоғамда соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа бойұрғандары да кездеседі осындай әуестікке бой үйрету келешекте ондай қыздар өмірге дұрыс ұрпақ әкеліп, тәрбие бере алмайтынын қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болатынын, өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігін көрсетенін айтып түсіндірді.
Қушоқы кенті жалпы орта білім беру мектебі медбикесі Ж. Тасмағамбетова- ерте жыныстық қарым қатынасқа түскен қыз баланың келбеті мен дене бітімінің әйелге тән түрге енетінін және жасқа жетпей аяғы ауыр болу қыздардың өміріне қауіпті қатты нұқсан келтіретінін, түсік жасау- бедеулікке соқтыратынын түсіндіріп, видео-ролик көрсетті.
Қушоқы жалпы білім беру орта мектебінің медбикесіне, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі мен әлеуметтік педагогке кәмелетке толмаған қыз балалардың жүкті болу жағдайы анықталып, орын алып жатса заң талаптарына сәйкес, дер кезінде білім беру басшылығы мен құзырлы органдарға ақпарат беруді және құпия сақтауды тапсырды.
Дер кезінде ақпарат бермей жасырып қалу және құпия сақтамай жауапкершілікке әкеп соқтыратынында ескертті
Іс-шара соңында мектеп ұжымы мен әкімшілік қызметкері, аурухана бөлімі дәрігерлері алдағы уақытта ата- аналар арасында осы тақырыпта жиын өткізу керектігін айтып, жоспарға алды.
Қушоқы кенті әкімі аппаратының
бас маманы: Уримхан А