100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Қариясы бар елдің – қазынасы бар

20 қыркүйекте Шешенқара ауылдық округінде Қарттар күніне орай ауылдың үлкендерінің қатысуымен мәдени іс-шаралар өткізілді.
Шешенқара ауылдық округінде 01 қазан Қарттар күніне орай іс-шаралар алдын-ала жасалынған жоспар бойынша өтті.
20 қыркүйек күні Мәдениет үйі ұжымының атсалысуымен «Через сердце виден мир» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Ащысу станциясының тұрғыны Кузнецова Мария Семьеновнаға алда кележатқан Қарттар мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын тапсырды. 1 қазан күні  «Қарттарым – асыл қазынам»  тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік бағдарлама бойынша ауыл  қарттарына мерекелік дастархан жайылып,   ауылдық округі әкімі С.Т.Ускенбаев құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік кеште «Бенефис бабушек», «Угадай мелодию», «Фильмы из моего детства» атты  көңілді сайыстар өткізіліп, ата-апалар көңілдерін көтеріп, бір жасарып қалды. Мерекелік іс-шара соңында ауыл қариялары ұйымдастырушыларға алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

    Шешенқара ауылдық округі
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»