Жаңалықтар
Қарақұдық ауылында ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді
Күздің шуақты күнінде ауылшаруашылығы жұмыстары аяқталып, дархан дала, жомарт топырақ халыққа нәрін береді, ырзыққа кенелтеді. Осы берекелі өнімді ысырапсыз, шашпай-төкпей жинап алып, ел игілігіне жаратуға ұсынып отырған ауыл еңбеккерлерінің еңбектері өлшеусіз.
Осы орайда Қарақұдық ауылдық клубында «Ауылдың сәні кетпесін» атты ауылшаруашылық күніне арналған мерекелік концерт өтті. «Кәсіпкерлікке өріс кең» атты көрме-панорама жасалды. Ауыл әкімі О.Дюсембекова жиналған қауымды осынау айтулы мерекемен құттықтап, ауылымыздың әлеуметтік жағдайын өркендетуге үлес қосқан Жеке Шаруа Қожалықтарының басшылары мен ауылымыздың меншік малдарын ысырапсыз баққан малшыларды алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.
Жиналған мереке иелеріне мектеп оқушылары мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен концерт ұсынылды. Концерт барысында мектеп оқушыларынан құралған КВН командасы өнер көрсетті. Соңында қазақтын қара домбырасын сірік еткен көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшесі М.Сыздықбаевтан көпшіліктін сұрауы бойынша тамаша әндер орындалды.
Клуб меңгерушісі
Ж.Хасенова