100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Кәрібаев Тілеукеш Кәрібайұлы

Кәрібаев Тілеукеш Кәрібайұлы

1935 жылы 10 наурызда Қарағанды облысының, Ворошилов ауданы, Аюлы селосында дүниеге келген.

1953 жылдан Ульянов ауданының Керней селосында тракторшы және тракторлы – егіндік бригадасының бригадирі болып жұмыс істеді.

1954 жылы тың жерлерді игеруге қатысушы болып, кейінгі жылдары механизатор болып еңбек етті. Көп жылдары егістік бригадасында басшы болып, аудандық астық өндіру шаруашылығында алдыңғы қатарлы болып, жағары көрсеткішке қол жеткізген.

Көп жыл бойы адал еңбегі үшін Тілеукеш Кәрібайұлы үкіметтік Ленин орденімен, «Ерлік еңбек үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» наградалармен марапатталды.

Бірнеше рет Ульянов аудандық еңбекешілер депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Қазір зейнеткерлік демалыста, Бұқар-Жырау ауданының Үштөбе селосында тұрады.

Кәрібаев Тілеукеш Кәрібайұлына «Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» дәрежелі атағы аудандық Мәслихат сессиясының шешімімен берілген.

 


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 23 Октября 2015 13:37
Оркестр имени Таттимбета открывает новый концертный сезон 26 сентября 13 Сентября 12:12
Скрининг бизнеса проводят в Карагандинской области 13 Сентября 11:37
Фронт-офис открыли в суде Балхаша 13 Сентября 11:06
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»