100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ВЫСТУПЛЕНИЕ ДИРЕКТОРА МОЛОДЕЖНОГО РЕСУРСНОГО ЦЕНТРА КУРАШЕВА Е.К. НА АКТИВЕ ПО ОБСУЖДЕНИЮ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Н.А.НАЗАРБАЕВА

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 4 қазанда Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ұсынған болатын. Бұл Елбасының халыққа жолдаған 23 жолдауы. Кезекті Жолдауда Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп атап өтті. Ең төменгі жалақы мөлшерінің артуы (42 500 теңге), білімнің жаңа сапаға ауысуы, жас отбасы институтын қолдау, тұрғын-үй мәселесін шешу сияқты кемелді де келелі мәселелер түгел қамтылғандықтан Жолдау ауданымыздың жастарының жүрегінен терең орын алып отыр.
Осы уақытқа дейін көптің көңілінен шығып келген «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» секілді бағдарламалар өз жалғасын алдағы уақытта да таба бермек.
Жыл сайынғы Елбасының алға қойып отырған тапсырмалары іске асырылып жатқанын айтқым келеді.
Ауданымыздың жастарының бастамаларын қолдау, біріге жұмыс істеу қабілеттілігін арттыру, цифрландыру саласын кеңейту мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп,  Ғ. Мұстафин кентінде, Керней ауылдық округінде «Коворкинг орталықтар» ашылды. Орталықтар компьютер сыныбымен, тегін интернет желісімен қамтылған.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2018 жылы 37 жас маман баспаналы болса, 71 маман көтерме ақы алды.
«Жасыл ел» бағдарламасымен 33 жасөспірім маусымдық жұмысқа тартылып, «Жастар практикасы» бағдарламасымен 50 адам тәжірбиелік жұмысты өтуде.
Сондай-ақ, бұл Жолдауда Елбасы жастардың білім сапасына ерекше басымдылық берді. Грант сандары көбейтіліп, жоғары оқу орындарының жетістігінің өлшемі, түлектердің оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастырылуы болып аталды. Және Назрбаев интеллектуалды мектебінің оқыту жүйесі мен әдістемесі барлық мемлекеттік мектептерге бірдей стандарт болып бекітілуі тапсырылды. Осының нәтижесінде жас ұрпақтың білім деңгейі артады.
Бұдан басқа, Елбасы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асырылуын 2025 жылғы дейін ұзартылуын тапсырды. Бұл өз бизнесін бастағысы келетін - мыңдаған жастарға берілетін мүмкіндік.
Аймақтық жерлерде еңбектену идеалогиясын ілгерілету мақсатында «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы іске қосылады, ауылдық мекендегі әлеуметтік жағдайды жаңғыртуға кірісу де аталып өтті.
«Сарбаз» жасөспірімдер бірлестігі құрылып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбие күшейтілмек. Және, «Өз жеріңді таны» атты жаңа бастама аясында аумақтарда мектеп туризімін дамыту қолға алынады.
Аталмыш Жолдау жастардың ертеңіне үміт пен сенім ұялатады. Ал бізді, жастармен жұмыс істейтін адамдарды жаңа мақсаттармен жетістіктерге жетелейді.

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»