100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Жаңа бастама қолға алынды

Көзді ашып-жұмғанша биылғы оқу жылы да өте шығыпты. Оқу жылы басталғаннан бастап, талаптанып  үлгергендері осы жылды да жақсы нәтижемен аяқтады. Енді оқиын деп ойланып жүргенде оқу жылы бітіп қапыда қалғандар да бар, бірақ олар келесі жылы басынан бастап жақсы оқимын деп өздеріне ант беріп отырған шығар деп ойлаймын.
Еткен еңбегің, төккен терің ешқашан да бағалаусыз қалмақ емес. Мектеп ұжымы оқу жылының соңында оқуды жақсы аяқтаған және мектеп өміріне белсенді араласқан оқушыларды марапаттап жатады.
Ал Дубовка ауылындағы балалар музыка мектебі әдеттегідей марапаттармен қатар,  ауылдардың ішінде бірінші болып, үздік оқушыларды экскурсияға шығаруды ұйғарыпты.
Бұндай бақытқа ие болу дельфийлік ойынға қатысқан Сәулеш Рүстембаева, облыстық конкурстың лауреаты Шырайлым Викторова, Айсара Серікбаева, Зарина Ілдебаева сынды төрт оқушыға бұйырыпты.
Осы мектептің директоры Мирослав Кривяктың айтуына қарағанда осы мектеп ұжымы аудан көлемінде бұндай шараны бірінші болып қолға алып, ата-аналар мен аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің көмегімен жүзеге асырып отырғанын айтты. Бұл этнографиялық экспедицияға Қуаныш Қаршалов жетекшілік етіп, Саткен Аманжолова экспедицияның этнограф ұстазы болып жолға шықса, мектеп директоры Мирослав Кривяк та оқушыларын шығарып салуға Бұқар жырау ауданына бірге келіпті.
Бұл экспедиция тобы Бұқар жырау ауданындағы саяхаттарын мұражайдан бастап, мұражайдың ішіндегі құндылықтармен танысты. Аудандық мұрайжайдың экскурсоводы Айжан Мұратхан келген қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, мұражайдағы әрбір бөлме мен қойылған құндылықтарды жеке-жеке таныстырып өтті.
Олар бұқаржыраулық Қалиасқар Шыныбектегінің «Ботақара вальсінің» әнін нотасымен суретке түсіріп, басқа да танымал адамдардың осы ауданнан шыққанынан хабардар болды. Әсіресе, оларды қызықтырған мұражайдың төрінен орын алған аң-құстар мен бұрынғы замандарда қолданған бұйымдар болды.
Осыдан шыққан соң бұл топ білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Әсет Ахметовпен бірге  Жыржыс қажы мешітіне ат басын бұрып, мешіттің ішімен танысты.
Сондай-ақ көркейіп келе жатқан ауданымыздың көрікті жерлерін назардан тыс қалдырмады. Ауданға кіре берістегі «Жас жырауды» және  су құламасын тамашалап, ауданымыдың бұндай көрікті жерлері бар екенін көріп үлкен әсерде болғандарын айтады. Осы жерлерде естелік суреттерге түсіп, төрт күнге созылатын саяхаттарын әрі қарай Көктас кенті, Қарқаралы қаласындағы Абай мешіті, Мәди ескерткіші, Қарқаралы қаласының тарихи мұражайы, Тасбұлақ кентіндегі мұражай, Бұйрықты ауылындағы мешіт және осы ауыл тұрғындарынан мәліметтер жинау сынды жоспармен жалғастыруды көздеп отырған көрінеді. Осы саяхатта жақсы дем алып, бүкіл жазға жететін әсер алып қайтады деген сенімдеміз.
Балалардың әрбір затты зерттеп, зерделеп байқағандарынан нағыз білімді,болашағы бар балалар деген ойда қалдық.
Балалардың жүздеріндегі қуанышты күлкіге себеп болып отырған, ұйымдастырушыларға балалардың атынан, өз атымыздан үлкен алғысымызды білдіреміз.
Балаларын жазда демалтуға, осы сияқты жерлерге апаруға көпшілік ата-ананың қалтасы көтере бермейді. Сондықтан басқа мектеп ұжымдары да осы мектептен үлгі алса дейміз.
К.Бейғамқызы

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.