100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

27 августа в преддверии Дня Конституции проведена торжественная презентация новых объектов культуры и спорта

В  преддверии   Дня   Конституции  в  районе  торжественно  открыты  новые объекты  культуры  и  спорта.
Презентация  клуба  в  с.Корнеевка  и  открытие  нового  многофункционального  хоккейного  корта  в  с.Алгабас  Корнеевского  сельского  округа  в  торжественной  обстановке  проведены  акимом  района  Н.Кобжановым:
- Елбасының  ауылды  көркейту  бастамасы  аясында, әділ  саясаты  мен  дара  тұлғасының  арқасында  еліміз  гүлдеп,  өркендеуде.   «Еңсесін  тіктеп,  ертеңін  ойлаған  ел  алдымен  мәдениетке  бет  бұрады» - демекші,  «Жұмыспен  қамту – 2020»  бағдарламасы  аясында  биыл  ауданымыздың  2  клубына қаржы  бөлінген және күрделі  жөндеулер  жүргізілді,  бұл  Заречный  селосы  мен  бүгінгі  сіздер  күә  болып  отырған,  Корнеевка  селосы.  Осының  бәрі  Елбасының сарабдал  саясатының  арқасында  жүргізілуде. 
    -     Біздің ауданда да «Саламатты Қазақстан»  Мемлекеттік бағдарламасы  аясында  кенттер мен селоларда  18 – спорт  алаңдары    және   8 - көп салалы  хоккей  корттары салынды.  Алғабас  селосы  бойынша  130 – ға  жуық  жастар  мен  оқушылар   бар.   Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  жастарға деген  қамқорлығы  мен  көмегінің  арқасында  осындай шаралар  халыққа,  әсіресе жастарға    дене     шынықтыру    және спортпен белсенді айналысуына мүмкіндік   беріп отыр.
          Главой государства  поставлена задача  расширения доступности  спортивной инфраструктуры   для массового  занятия населением  физической культурой и спортом  и привлечение  к активным занятиям спортом  большую часть населения.  И эта задача  на местах успешно  реализуется.  Открытие и функционирование  в селах и поселках района    хоккейных кортов и детских спортивных площадок  яркое тому доказательство.   Занятия спортом и физической культурой послужат стимулом  для укрепления здоровья и  соблюдения  здорового  образа  жизни. 
В  завершении  аким  района  поздравил  всех  с  наступающим  Днем  Конституции.
- Ауқымды  жұмыстар атқарылды,  алайда алдымызда тұрған міндеттер  одан да көп. Біздің бір-ақ мақсатымыз бар - ол  халықтың  өмір сүру сапасын жақсарту  және деңгейін  көтеру.  Олай болса, баршаңызды  осы  мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өнерлеріңіз өрге жүзіп, шығармашылық табысқа жете берулеріңізге   тілектеспін.
В  этот  же  день  торжественно  и  празднично  с  участием  заместителя  акима  района  А.Али  проведены  открытия  новой,  соответствующей  всем  требованиям  времени  модельной  библиотеки  и  многофункционального  хоккейного  корта  в  с.Актобе.
- Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, құнын   жоғалтпас, бағалы   байлық, асыл қазына – кітап десек, сол байлықты алтындай сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші – кітапханалар  екені  баршаңызға  аян.    Міне, сондай үлкен мақсатта қызмет жасайтын киелі ғимарат – парасат пен ғылым ордасы – ауылдарыңыздағы тамаша мәдениет ошағының бірі – селолық кітапхананың бүгінгі заманға сай жабдықталып, модельді болып ашылу салтанатына жиналып отырсыздар. Біздің ауданымызда бүгінгі күнге   дейін    тұрғындарға   қызмет  көрсетіп келе жатқан заманауи модельді кітапханалар саны – 22 болса, сіздердің ауылдағы кітапханамен енді 23 модельді кітапхана деген көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз.  Бүгінгі салтанатта осы кітапханаға берілетін атақ, модельді мәртебесін айқындайтын құжат – сертификатты табыстауға және жаңа заманға лайық, қазіргі оқырман талабына сай келетін дербес компьютер қызметін атқаратын планшетті, берері мол,  тағылымы зор құнды кітаптарды табыстауға рұқсат   етіңіздер!  Мереке құтты болсын, өрелі оқырман көп болып, халық игілігіне ұзағынан жарай берсін деп тілейік,  ағайын!
Келе  жатқан  осынау  мерейлі  мереке - Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  
    Әрбір отбасына амандық, баянды бақыт, береке-бірлік,  елімізге тыныштық  тілейміз!

Пресс-служба  акима  района
 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»