100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың қорытынды туралы есебі.

Ақтөбе ауылдық округінде 1160 адам тұрады, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 513 адам құрайды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 293 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 202 адам, жұмыссыз 18 адам бар.
Округ бойынша мүгедектер саны  62 адам оның ішінде 1 топтағы мүгедектер 6 адам, 2 топтағы мүгедектер 26 адам, 3 топтағы мүгедектер 24, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 6 адам. Жеке көмекшілері барлар 2 адам. Жеке оңалту бағдарламасы 90 пайызға қамтылған. Мемлекеттік 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысын 16 отбасы алды.
Еліміздің өңірлері көз алдымызда өзгеруде. Сол себепті ауылымызды көркейту үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа қол жеткізуге -мүмкүндік алады. Сондықтан бәсекеге қабілетті көркейген округке айналу үшін, ауыл тұрғындары бірігіп шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылық кооперативтерін ашу, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына көп көңіл бөліп өз үлестерін қосулары керек.
Әлеуметтік сала да көптеген жақсылықтар байқалады, әсіресе таза сумен қамтамасыз ету, электр, пошта байланыстыруын жақсарту жүйесінде, жол жөндеу жұмыстары орындалу мүмкіндіктері тыс қалмай жатыр.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған»  мемлекеттік бағдарлама бар, сондықтан шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастырып, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына қолымыздан келгенше жұмыс жасауымыз керек. 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған»  мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімдік оқуға 2 адам, техникалық мамандыққа 2 адам қамтылды, екінші бағыты бойынша 1 адам шағын несие алды, үшінші бағыты бойынша 2 адам жастар практикасына қамтылып, 80 адам тұрақты және маусымды жұмыспен қамтамасыз етілді, қоғамдық жұмысқа 1 адам қатысты, ол мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізді.
Өткен кездесулерде ауыл тұрғындарының тарапынан айтылған өтініш - тілектердің орындалысына талдау жасасақ, бүгінгі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер бар. Ол ауылдық округ әкімінің аппаратын, ветеринарлық пунктін, учаскелік инспектордың, поштаның ғимаратпен қамтамасыз ету және Ынтымақ селосындағы КТП-ны жөндеу.
Ынтымақ селосындағы КТП-ның техникалық құжаты жасалып, ескі КТП ға, электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша жаңа КТП орнатып іске қосылды, сонымен қатар жеке есеп қор қаржысынан Ақтөбе ауылында көше жарықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді, Ынтымақ ауылына көше жарықтары орнатылды.
Бірнеше жыл жиналыс сайын айтылып келе жатқан мәселе ауылда тойхана жасау. Өздеріңізге мәлім бұрынғы совхоздың асханасын ауыл азаматтары болып сатып алынды, ағымды жылы жеке тұлғалар несие алып жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда.
2017 жылдың 21 қарашасымен Ауылымыздағы бос тұрған бала-бақша ғимаратын коммуналдық меншікке қабылдау және бекіту туралы Аудан әкімінің Қаулысы шықты, келесі кезекте  сол ғимаратты құжаттандырып, жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру.
Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.  Сондықтанда «Туған жер» бағдарламасы аясында Ақтөбе ауылдық округінде облыстық, аудандық, жергілікті сенбіліктер және таза бейсенбіліктер өткізілді. Тазалық күндері ауыл азаматтары мен азаматшалары қаладан келіп қатысып  жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар осы бағдарлама аясында Ауыл жұртшылығына арнап қала азаматтарының демеушілігімен бірнеше рет Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламалары өткізілді.
Огругте жалпы көлемі 52239 га жер телімі бар, оның ішінде елді-мекен жері 13058 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 39181, егістік-22854, жайылым-5048, шабындық-11279, ағымды жылда игерілмеген егістік жерлер 20163 га құрайды.
Есепті жылда жер қатынастары саласында біраз жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе және Ынтымақ селоларында пайдаланылмаған  11  шаруа қожалығының  жалпы аумағы 1214 га жер учаскесі  мемлекетке қайтарылды. Жерлерді пайдаланбайтын немесе тиімсіз пайдаланатын 2 шаруа қожалығының жерді анықтау актылары Бұқар жырау ауданы Жер қатынастары бөліміне әрі қарай Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына жіберу үшін берілді. 2017 жылы 1312 га егістік жерге егін салынды, ал 2018 жылға шамамен 2800 га жерге егін себу жоспарлануда. Биыл Ынтымақ селосында жаңадан «Ынтымақ» шаруа қожалығы ашылды, басшысы Қалиев Қазбек Рахимбекович 300 га жерге егін салып, бұзылып жатқан бірнеше баздарды жөндеп сүт бағытындағы асыл тұқымды қара шұбар голштйн сиырларын әкелді, қыс мезгілінің өзінде жазғы тұрымға дайындалып: жылыжай, астық қоймаларына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Келешекте егістік жерлерін кеңейтіп, мал басын көбейтіп, көкеніс егуді жоспарлауда. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда, демеушілік көмек ретінде Ынтымақ негізгі мектебінің төбесін жөндеп шатырлады. Ынтымақ ауылда өткен мерекелік іс-шараларға демеушілік көмек көрсетуде, жазғы мезгілде болған табиғи өртте барлық техникалары мен жұмысшыларды жұмылдырып, өрт сөндіруге зор үлес қосты.
Округте құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Құқық бұзушылықтың алдын алуға және басқа да тәртіп бұзушылық жөнінде учаскелік инспектор атқарылған жұмыстары туралы алдарыңызда есеп береді.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауда Ақтөбе селосында  дәрігерлік  амбулатория  жұмыс жасайды,  арнайы автокөлігі бар және
4 маман халыққа қызмет көрсетеді. Ынтымақ селосында медициналық пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Әлеуметтік саланы дамытуда, білім беру саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға, бала санын көбейтуге, оқушыларға сапалы білім қызметін беру қолға алынуда. Ол үшін мектептерде, амбулаторияда, клубтарда салауатты өмір салты насихатталып әр түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар өткізіледі.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға  арналған бағдарламасы бойынша ауылдық округте ветеринариялық жұмыстар жүргізілуде. Ол жөнінде мал дәрігерінің жылдық есебі тыңдалады.
Ауылдық округ аумағында 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 73  шаруа қожалығының жер телімдері бар. Жеке кәсіпкерлер саны 3. Округте 2 дүкен жұмыс жасайды. Дүкендердегі әлеуметтік маңызды азық-түлік бағалары қадағаланып, аудандық  кәсіпкерлік бөлімінен берілген бағамен сәйкестіріледі.
Округтегі ірі шаруа қожалықтары наубайхана, диірмен, мал соятын цех, мал өлсе тастайтын мал қорымын, тағы басқа халыққа қажетті обьектілер салса тұрғындарға жұмыс орындары болады. Жұмыссыз адамдар жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеруде алдағы тұрған міндеттер :
- Қыс айларында Ақтөбе және Ынтымақ селоларының көше жолдарын қардан тазарту, көктемгі су тасқынын алын алу жарықтандырылмаған көшелерді жарықтандыру.
- Шаруа қожалықтарының пайдаланбай жатқан жерлерін тапсыру  жұмыстарын жалғастыру.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған» бағдарламасын дамыту, ауыл шаруашылық кооперативін құру және жаңа жұмыс орындарын ашу.
- Селодағы телефон байланыс жүйесінің жұмысын  жақсарту.
Алдағы жоспарланған жұмыстарды сіздермен бірлесе отырып атқаруға шақырамын.

 

Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Қазатай Болатбек Қазатайұлы

 

Комментарии (2):

  • Бактыбай 05 Января 2018
    Ынтымақ ауылында мал өлсе өлексесін тастайтын жер жоқ, сол мәселені қарастырсаңыздар. Рахмет!
  • Әділ 05 Января 2018
    Ынтымақ ауылында көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі электр жарығы мәселесі болатын, биыл әкімдік жаңа КТП қойдырып тоқ қуаты қажетті мөлшерде келіп тұр. Тұрғындар атынан ризашылығымды білдіремін!

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.