Новости района
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Бұқар жырау ауылдық округінде барлығы 486 адамды құрайды, оның ішінде Бұқар жырау ауылында 198 адам, Семізбұғыда ауылында 97 адам, Шалқар ауылында 188 адам. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 244 адам, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 183 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 53 адам, жұмыссыз 8 адам оның ішінде Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген 2 адам.
Бұқар жырау ауылдық округінің экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында.
Округ аумағында шағын және орта бизнес: жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - 5, агро өнеркәсіп кооперативі - 2, фермерлік қожалықтар - 2, шаруа қожалықтар - 27. Шаруа қожалықтардың ішінде жұмыс жасайтындар саны 24 бірлік. Оның ішінде егістік егумен айналысатын 5 шаруа қожалық, 19 шаруа қожалық ауыл шаруашылық малдарын өсірумен айналысады.
- «Шалқар» шаруа қожалығы «Қазақтың ақбас тұқымдас» асыл тұқымды 1 бас бұқасын әкеліп, мал басын асылдандыруда.
Үшінші жаңғырудың бастапқы бағытында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс делінген. Округ аумағы бойынша 2017 жылы 2905 га жерге егістік себілді. Оның ішінде бидай 1500 га, арпа 1245 га, сұлы 160 га. Орта есеппен 10 центнерден өнім алынды, қамбаға бастырылғаны 2905 тонна.
Округ аумағының жалпы жер көлемі 88663 га, оның ішінде елді-мекен жерлері 23447 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 55344 га, оның ішінде егістік 6576 га, жайылымдық жерлер 46319 га құрайды.
2017 жылы пайдаланылмайтын егістік жерлерді облыстық аумақтық инспекциясына құжаттары тапсырылды (Нұртай ШҚ 270 га (шабындық 22 га, жайылым 151 га, егістік 96 га), Бірлік ШҚ 500 га (егіндік 80 га, жайылым 419 га), Жулдыз ШҚ 150 га (егіндік 113 га, жайылым 37 га), Нұртілек ШҚ (барлығы 1000 га, 105 га егіндік). Оның ішінде «Жулдыз» және «Нұртай» шаруа қожалықтары жерлерін толықтай тапсырды. Қосымша жұмыстар атқарылуда.
Округ бойынша 2018 жылдың 01 қаңтарына мал басы:
Ірі қара 1677 бас оның ішінде сиыр 828 бас, ұсақ мүйізді 2929 бас, жылқы 1284 бас, құстар 1450 бірлік. Осы орайда айта кетейін округ тұрғындары жеке өздеріне сойған, тапсырған немесе сатқан малдарын біріңғай бірдейлендіру дерекқорынан алып тастамайды. Сонымен қатар бүгінгі күні жылқы басы жылдан жылға көбейіп қосылуда. Алайда тұрғындар ол жылқыларына салғырт танытып чип немесе таңба салмайды. Негізінен тағы да қайталап ескертейін жылқы малына чип салып бірдейлендіру дерекқорына енгізіңіздер.
Бұқар жырау ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту
Білім беру
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша:
Округ бойынша екі мектеп (Бұқар жырау негізгі мектебі, Шалқар негізгі мектебі) жұмыс атқарып жатыр.
Ауылдық жерлерде интернет желісін дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы Бұқар жырау және Шалқар негізгі мектептеріне жоғары жылдамды интернет желісі және үшеуден проектор орнатылды.
2018 жылға Бұқар жырау негізгі мектебінің төбесін жөндеуге жобалық сметалық құжаттандыруға қаражат бөлінді. Қаражат бөлінгеннен кейін мектеп төбесіне күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
Семізбұғы ауылынан 7 бала оның ішінде 2 бала оқушы, 1 бала мектеп алды даярлық тобына, 4 шағын орталыққа тасымалдануда. Тасымалдауға Семізбұғы ауылынан «Абдулла» жеке кәсіпкерімен газель автокөлігімен тасымалдануда.
Денсаулық сақтау
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту бойынша»
Округ аумағында медициналық пункт жұмыс атқарып онда тұрғындарға 4 адам алғашқы медициналық қызмет көрсетеді. Келісім – шарт бойынша Бұқар жырау ауылының тұрғынымен (жеке өзінің көлігі) науқастанған адамдарды аудан орталығына апару бойынша жұмыс жасайды.
Аудандық медициналық бірлестігінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылы тұрғындарды 2-рет (тамыз, қараша айларында) флюографиялық тексерістен өткізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша ауруға шалдыққан тұрғындар болған жоқ.
Мәдениет
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша.
Бұқар жырау ауылдық округінің көшелер атауы толықтай қазақ атауына өзгертіліп Әділет басқармасында тіркеуге қойылды.
Бұқар жырау ауылында кітапхана жұмыс жасайды кітап қоры 1050 құрайды, оның ішінде 8025 қазақ тілінде. Шалқар ауылында клуб қызмет атқарады. Түрлі мерекелік іс шаралар сонда жүргізіледі.
Әлеуметтік сақтандыру
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша»
Округ бойынша зейнеткерлер саны 78 адамды құрайды, мүгедектер саны 12 адамды құрайды, оның ішінде І топтағы 4 адам, ІІ топтағы 2 адам, ІІІ топтағы 6 адам. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 4 жанұя. Арнаулы әлеуметтік көмек алатындар жоқ. Округ бойынша жаз айларында 2 адам қоғамдық жұмыс арқылы жұмыс істеді.
Округ бойынша несие алуға құжаттарын екі адам тапсырды. Оның ішінде бір адам яғни, Бұқар жырау ауылының тұрғыны Шахмет І.М. мемлекеттік бағдарлама арқылы ірі қара мал басын көбейтуге және ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға «Бейбарыс» несиелік серіктестігі арқылы 12,0 млн. теңге несие алды. Ол қаражатқа ірі қара мал басын және ауыл шаруашылық техникасын сатып алды.
Ауылдық округтің инженерлік инфрақұрылымын дамыту
Электр жарығымен қамтамасыз ету
Округ бойынша елді-мекендердің электр желілерінің ұзындығы 17,3 км., ағымдағы жылы Семізбұғы ауылы мен Бұқар жырау ауылдары арасындағы жоғары кернеулі электр желісі ауыстырылды. Тұрғындарға «Расчетный сервисный центр» ЖШС 1 квт/сағ. 14,86 тенгемен жеткізіледі.
Көліктік инфрақұрылым
Аудан орталығына дейін жолдың ұзындығы 87 км. құрайды. Ауылдық округ бойынша елді-мекендердің ішкі жолдары жалпы ұзындығы 9,4 км. құрайды. Ішкі жолдар коммуналдық меншікке өтіп ағымдағы жылы Әділет басқармасына тіркеуге қойылды. Қысқы жолдардын тазалығына 1 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұқар жырау ауылынан шығатын жол бойындағы су өткізу құбырының маңайы ойылып, күрделі жөндеуді қажет етеді, тұрғындардын жүріп тұруын қамтамасыз ету мақсатында ойықтарына тас төселіп тегістелді, және де қауіпті жол аймағы ескерту белгісі қойылды.
Сумен қамтамасыз ету
Бұқар жырау ауылындағы су құбырының жалпы ұзындығы 4,4 км. құрайды. Ағымдағы жылы тұрғындар үйлеріне су тартқыздырды. Барлығы 35 үйге су тартылды.
Абаттандыру бойынша
2017 жылдын сәуір айынын 10 күнінен маусым айының 09 күніне дейінгі аралықта сенбіліктер жүргізілді. Әкім аппаратымен жеке кәсіпкер «Айбасов» - пен ауызша келісім жасалып, жалпы шығарылған қоқыс көлемі 158 автокөлік – 1264 тоннадан аса. Әр сенбілікте аудандық «Ветеринарлық станция» КМК директоры Мейрам Жанабекұлы Ыбышов қатысып отырды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Семізбұғы ауылының тұрғыны Абилов Е.А. өз қаражат есебінен ауыл ішіндегі қоқысты шығарды. Бүгінгі күні қатты тұрмыстық қалдықтарды төгу алаңына жерге орналастыру актісін дайындау бойынша құжаттар рәсімделуде.
Салықтар
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығын орындау барысында округ аумағында әкімдікте жергілікті өзін өзі басқарудың қаражатын жұмсауды бақылайтын 7 адамнан құралған қауымдастық мүшелері жұмыс жасауда. Өздеріңізге белгілі 2017 жылы 6 түрлі (көлікке салық, мүлікке салық, жерге салық, жеке кәсіпкерлер пайдасынан түскен салық, заңды тұлғалардын жер салығы, заңды тұлғалардын тіркелген көліктеріне салық, әкімшілік айыппұл.) салықтан түскен қаражат округ аумағының Қолма-қол бақылау шотына түседі (КСН). 2017 жылы түскен қаражат 531 088 теңге. 2016 жылдан қалған сома 404 797,97 теңге, шығыс көлемі 780 935,04 теңге. 2018 жылға жоспарланған қаражат 823 000 теңге.
Ауылдық округ әкім аппараты
2017 жылы барлығы 15 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 12, заңды тұлғалардан 3 өтініш. Барлығы уақытында қаралып тиісті жауап берілді.
Әкім аппаратымен 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде келесідей қызмет көрсетілді:
- 17 қызмет түрі жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде анықтама;
- 4 қызмет түрі ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру бойынша;
Өздеріңізге белгілі 2018 жылы Бұқар жырау Қалқаманұлы бабамыздың 350 жылдығы аталып өтіледі. Бабамыздың 350 жылдығын атап өтуге «Бұқар жырау Қалқаманұлы атындағы» қоғамдық қор ашылды. Қорға пошта бөлімшесі арқылы қаражат аударуларыңызға болады.
Алдағы уақытта округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту үшін жұмыстар қалыпты деңгейде жалғастырылатын болады.
Узденов Ерлан Рамазанович – Бұқар жырау селолық округінің әкімі
Комментарии (0):
Комменатриев нет.