Гагарин ауылдық округінің аумағында 01.01.2018 жыл жағдайына 1037 адам тұрады. 2017 жылы – 14 жаңа азамат туды.
2017 жылы 19 адам келді, 29 адам кетті.
Экономикалық белсенді тұрғындардың саны 665 адам, оның ішінде өндірістің әр түрлі салаларында жұмыс істейді, мекемелерде, ұйымдарда, шағын, орта бизнесте 533 адам, өздігінен жұмыстылар 105, есептік жұмыссыздар- 27 адам. Жұмыспен қамту қызметінде ресми 6 жұмыссыз адамдар тіркелген. Аз қамтылған отбасылары – жоқ, көп балалы -14 отбасы бар. Ауыл аумағында ҰОС-на қатысқандар жоқ, тыл еңбеккерлері 7 адам, зейнеткерлер -144 адам, мүгедектер - 27 адам.
Округте 286 аула бар, олардан жеке қосалқы шаруашылығы жоқ -67.
Әкім аппаратына жеке тұлғалардан 8 өтініштер түсті, заңды тұлғалардан- өтініштер түскен жоқ.
2017 ж 35-өкімдер қабылданды, 14-жеке құрам бойынша, 21-негізгі қызмет бойынша, Садовое ауылында 7 жиындар өткізілді. Гагарин ауылында -3.
Бақылаулық ақша есепшоттарына (БАЕШ) 2017 ж салықтың алты түрлері бойынша ауысқан қалдық есебімен 2016 ж бастап сомалар 834 мың 500 теңге көлемінде 2017 жылға ауысты, 2017 жылы 1 млн. 084 мың. 500 тг түсті қорытынды жалпы сома 1 млн. 919 мың тн.
Олардан:
Гагарин ауылында 977 мың.878 тг сомасына балалар алаңы орнатылды.
Садовое ауылында 625 мың теңге сомасына төрт жарық беру нүктелері орнатылды.
Көшені жарықтандырудың ағымдағы жөнделімі -80 мың.тг.
Көшені жарықтандыруға төлем -83мың 700 тг.
Кенттегі ішкі автокөлік жолдарының қысқы ұсталуы -295 мың.тг.
Ауыл әкімі аппаратының негізгі бақылауында жылыту маусымының өтуі. Су, жылыту және электрмен қамтуға күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Есептік жылда округтің елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді: аулалық аралау жолымен түрғындармен түсіндіру жұмыстары өткізілді, ескертулер мен хабарламалар таратылды. Екі санкцияланбаған қоқыстар жойылды, Теміртау қаласындағы «ГорДорСервис» -пен қоқыс шығаруға шарт жасалды.
«Береке» бағдарламасы бойынша -«Бакшалы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (АӨК) құрылды, оған Садовое және Гагарин ауылдарының тұрғындары енді, жалпы 36 қатысушыны құрады. Жалпы 98 млн.тг сомасына берілген кредитке қол жеткізілді. Бүгінгі күні 521 бас ІҚМ басы сатып алынды, 2018ж 500 бас ІҚМ алу жоспарлануда. «Бакшалы» АӨК-мен 19 бас ІҚМ ұрықтандыру үшін қазақи ақ бас асыл тұқымды азықтандыратын бұқалар алынды.
АҚ және ТЖ-мен су тасқыны кезеңінде, тұрғындарды тасқынды сулардан қорғау бойынша бекітілген іс-шаралар Жоспарына сәйкес шаралар өткізілді.
Тасқынды сулар Садовое ауылын басты, су үйлерге, қораларға енді. Садовое ауылының тұрғындары 100%, көшірілді, адамдарды, үй жануарларын көшіру 2017 жылдың 12 сәуірінде сағат 8.00-де басталды., өз үйлеріне 2017 жылдың 21 сәуірінде оралды. Адамдар Теміртау қаласы мен Гагарин ауылының клубында, туыстарының үйіне орналастырылды.
Ауылдық клубта 22 адам тұрды.
Гагарин орта мектебінде Садовое ауылының балалары үшін интернат құрылды, себебі үйлерде дымқылдық әлі ұзақ уақытқа сақталған еді, сондықтан бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қажет болды. Барлығы 62 бала болды, интернат 17.04.2017 ж-17.05.2017ж дейін әрекет етті. Интернатта бес рет тамақтану ұйымдастырылды.
Су тасқыны кезеңінде Садовое ауылының тұрғындары Астана, Қарағанды қаласының, адамның басындағы ауыртпалыққа немқұрайлы қарамайтын әр түрлі ұйымдардан азық-түлік, киім-кешек, бастапқы қажетті құралдар түрінде гуманитарлық көмек алды. Алматы мешітімен материалдық ақшалай көмек ұйымдастырылды, әр отбасына 55 мың.теңге берілді. «Қызыл жарты ай қоғамы» Қарағандылық қоғамымен, Садовое ауылының балаларына мектеп алды интернатына азық-түлік және киім-кешек түрінде гуманитарлық көмек берілді.
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерге келтірілген зиян мен техникалық жағдайды бағалау үшін, тәуелсіз бағалаушылар мен техникалық сараптамашылар тартылды. Үй мен мүлік үшін ақшалай өтемақы барлығы 33 млн.114 мың тг берілді: олардан жылжымайтын мүлікті бағалау – 27 млн.698 мың.теңге, мүлік -5 млн. 416 мың.тенге.
Су тасқыны кезеңінде, су тасқынын болдырмау үшін Садовое ауылында 2017 жылдың күзінде 7 млн.тг сомасына балшық білігі салынды. Балшық білігінің ұзындығы -3 км. 600 м, биіктігі 2м, ені 3м.
Кәсіпкерлік: Округ аумағында 5 жеке кәсіпкерлер, 4 дүкен, 1 баубақша әрекет етеді. Кәсіпкерлермен мереке өткізуде материалдық көмек көрсетіледі.
Баубақша салумен айналысу Турсунбаева Угулжан -51 га, 2017 жылға егістік келесіні құрады: орамжапырақ-20 га, картоп-40 га, қызылша -10 га, қызанақ-1 га, қияр-1 га.
Сондай ақ бар: «Гагаринское» ЖШС: 2017 жылға дәнді дақылдарды егу келесідей: 550 га астық, 700 га-арпа, 34 га –картоп.
Жеке кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тобына бағаларды тұрақтандыру туралы меморандумдар бекітілді.
Ветеринарлық қызметпен айтарлықтай жұмыс жүргізілуде оны Ж.Ләміха басқарады. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру бойынша жұмыс жүргізілді, 2017 жылға бруцеллезге -950 бас ІҚМ зерттелді, ШҚМ- 1100 бас, шошқалар- 60 бас, иттер- 100. Бруцеллезге оң реакция бергендер Гагарин ауылында-4 бас, Садовое ауылында – 1 бас.
01.01.2017 жылға тұрғындардағы мал мен құстар саны келесіні құрайды: ІҚМ барлығы 725 бас, о.і сиырлар-396, қойлар- ешкілер -934 бас, жылқылар-85 бас, шошқалар -55 бас, құстар-1185 дана.
2017 жылы иттерді аулауға 3 өтінім берілді. Екі жұмыс істелінген өтінімдер бойынша 12 ит жойылды.
ІҚМ бағуға шарттарды бекіту бойынша ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Ауылдық округ аумағында бір пошта бөлімі бар.
Бөлім Теміртау қаласына қарайды.
Хат-хабарлар жеткізуді, зейнетақы, жәрдемақылар, еңбек ақы төлеуді ұйымдастырады. Бюджетке төлемдер қабылдайды.
Гагарин және Садовое ауылдарының тұрғындары ауыз сумен қамтылған. Электр энергиясы мен суға төлемдерді жинаумен «Казпошта» АҚ айналысады. 2012 жылдың қыркүйегінен бастап жарыққа төлем анықталған, тұратын адамдар санына байланысты, суға 1 адамға- 324 тенге, 1 куб-71 тенге 92 тиын. Садовое ауылында-62, Гагарин ауылында -113 есептегіштер орнатылған.
Гагарин ауылында ауылдық модульдік кітапхана жұмыс істейді. Кітапхана ауылдық округ ғимаратында орналасқан. 2017 жылдың аяғына кітапхананың кітапханалық қоры 11 198 кітапты, 2740 қазақ тіліндегі кітапты құрайды. 2017 ж ағымында кітапханаға 149 жаңа кітаптар түсті, олардың 117-қазақ тілінде. Жыл ағымында түскен кезеңдік басылымдар жоқ: газеттер-11 дана, 6-ы мемлекеттік тілде, журналдар -14 дана, 10-ы мемлекеттік тілде.
Оқырмандар барлығы 600 адам, о.і Садовое а-63 адам, 15 жасқа дейінгі балалардың кітапханаға келуі -187 адам, 15 жастан асқан жастар-75 адам.
Мәдениет қызметкерлерімен маңызды және мерекелік күндерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.
Тұрғындардың барлығымен мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін жұмыс жүргізілуде.
Ауылдық округ аумағында 1 орта мектеп әрекет етеді. Ғимараттың жалпы алаңы 1602,2 ш.м. Жұмыс жасайтын аумақ -1417,3 ш.м. Шағын кешенді, қазақ және орыс тілді оқытумен. Ғимарат 140 орынған есептелген, 151 оқушы оқиды, 31 МАД (мектеп алды даярлығы).
Бейімделген ғимарат. Мұғалімдер барлығы -35 адам.
Мектепте лингафондық-мультимедиялық бөлме бар, жаңа биология, химия бөлмелері бар.
Садовое ауылына 72 оқушы тасымалданады. Мектепте сабақтар 2 ауысыммен өткізіледі. Сабақтар сағат 8.00-ден 18.10-ға дейін өтеді.
Мектеп жанында мектепке дейінгі «Балдырған» шағын орталығы жұмыс істейді, оған 25 бала барады.
Гагарин ауылдық округіне, күніне 5 рет «Теміртау қ –Садовое а» бағдарымен жүруді жүзеге асыратын «Қала-Көлік» ЖШС-мен қызмет көрсетіледі.
Округ аумағында ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.
2017 ж мекенжайлы әлеуметтік көмек алушылар (МӘК) жоқ, балалар жәрдемақысын 3 отбасы алады.
Өнімді жұмыстылық және жалпы кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша 2017-2021жж бірінші бағыт бойынша 1 адам аспаздық қысқа-мерзімді оқуға бағытталды.
2017 жылы әкім аппаратында 4 бағдарлама жұмыс істеді:
1 бағдарлама- Әкім аппаратын ұстау-11 млн 819 мың.тг
2 бағдарлама- Оқушыларды мектепке дейін және кері қарай тасымалдау- 1 млн 289 мың.тг.
3 бағдарлама- Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету -800 мың.тг.
4 бағдарлама – «Жолдарды қысқы ұстау» - 400 мың.тг.
2018 жылға 4 бағдарлама жұмыс істейді:
1 бағдарлама- Әкім аппаратын ұстау-12,349 мың.тг
2 бағдарлама- Оқушыларды мектепке дейін және кері қарай тасымалдау- 1 млн 485 мың.тг.
3 бағдарлама- Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету -868 мың.тг.
4 бағдарлама – «Жолдарды қысқы ұстау» - 500 мың.тг.
Гагарин ауылдық округі бойынша ең өзекті мәселелердің бірі деп келесілерді айтуға болады: көшелерді жарықтандыру және ішкі кент жолдарын жөндеу үшін қосымша қаражаттар бөлу; жастардың демалысын өткізу үшін спорттық корт қажет. Жаңа жедел жәрдем санитарлық машинасы керек. Кітапхананың бай қорын ашу үшін, толық жұмысына және оқырмандардың жайлылығы үшін кітапханаға бөлек қимарат қажет.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.