Жаңаталап ауылында 1087 адам тұрады,оның ішінде экономикалық белсенді 627 адам,жұмыспен қамтылғаны 333адам,өзін өзі камтып отырған 268 адам бар,жұмыссыздардың саны 16 адам. Зейнекерлер саны 122 адам,мүгедек жандар саны 50 адам.
Аулымызда бір мектебіміз бар.Ол Жаңаталап орта мектебі. Оқу мектепте қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Оқу ордасында 241оқушы тәлім-тәрбие алуда.Мектеп жанындағы шағынцентрде40 бала тәрбиеленуде.2018 жылы мектепте күрделі ремонт жоспарланып отыр.
Аулымызда ФАП қызмет атқарады. Ондағы медбикелер өз мамандығын тиісті денгейде меңгерген. ФАП ішінде өткен жылдары аптека ашылған,ауыл азаматтары керек дәрі-дәрмектерін сатып ала алады.
Казпочта филиалы ауылда өз қызметін тиісті деңгейде атқаруда. Почта ауылға уақытылы жеткізіледі. Зейнетақы және жәрдемақылар өз уақытында таратылады.
Ауылда Жаңаталап кітапханасы жұмыс атқарады. Кітап қоры 10485 құрайды. Жерлестеріміздің алтыжүздей адамы кітапхананың оқырманы.
Электр жарығы Қарағанды жарық фирмасы қамтамасыз етеді.Тариф 14,86 тенге құрайды.Көшелерде 70 шам орнатылған.
Тұрғындар жеке құдықтармен қамтылған.2019 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауылға су құбырлары тартылмақшы.2018 жылы есеп проектісі дайындалады.
Көктемгі- күзгі сенбіліктер өткізілді.Ауыл көшелерінен 32 тоннадай қоқыс шығарылды.Жазғы айларда жеке кәсіпкер Фахрудиновпен жасалған келісім бойынша ауылымыздан көптеген жылдар бойы жиналған 2037 тонна қоқыс шығарылды.Ауыл әкімшілігі тұрмыс қоқыстарын шығару мақсатында Теміртау қаласында орналасқан Гордорсервис ЖСШ мен келісім шарт жасалған. 105 жас тал ағаш отырғылылды.Күз айларына жеке есеп қор қаржысынан 1270 мың болініп көктемгі қар суынан қорғайтын ауыл сыртындағы богет 800 метрі бекітілді.
Ауыл ішіндегі жол ұзындығы 6,9 км.құрайды. Қыс айларында ауылды қардан тазартуға қаржы бөлінген, ауыл жолдары уақында тазаланып отырылады.
Бұл жөнінде ауыл әкімшілігімен «НұрӘділ» шаруа қожалығымен келісім-шарт жасалған
Телефон жүйесімен Казахтелеком Бұқар жырау аудандық филиалы қамтамасыз етеді.Ауылымызда 205 номер бар.Интернет жүйесімент 59 абонент қамтылған.Алдыңғы жылы ауылымызға Теле-2 компаниясы өз қондырғысын орнатпақшы.
Ауылымыздың көп балалы отбасылардың қатары едәуір болғандықтан өңірлеріне «Алтын алқа», «Күміс алқа» тағып бала бақытын көрген ақ жаулықты аналар көптен саналады. Ардақты 20 «Алтын алқа», 25 «Күміс алқа» иелері бар екенін айтып кеткеніміз дұрыс болар еді.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл аймағы 7301 га құрайды,оның ішінде 5529 га ауылшаруашылық саласына жатады,мал жайылымы 1772 га.
2017 жылдың 1 шілдеде өткен санақбойыншаауылымызда 1825 ірі қара мал,1177 ұсақ мал, 137 жылқы,13 шошқа, 651 құс тіркелген.Оның ішінде жеке меншік малының саны 881 ірі қара,1013 ұсақ мал,129 жылқы,13 шошқа,591 құс,ал шаруа қожалықтарының малы 944 ірі қара,164 ұсақ мал,8 жылқы,60 құсы бар.Мал жайылымының тапшылығы 19500 га құрайды.
Ауылымызда 1 ЖШС,13 шаруа қожалығы,40 жеке кәсіпкер жұмыс жасауда.
2017 жылы 3316 га дәнді дақыл себілді.Оның ішінде 3213 га бидай өнімдері,101 га картоп, 2 га көкеніс өсірілді.Күз айларында жамбыр,қар жауған кездерге жеткізбей жиналып алынды.Биыл жерлерін тиімді пайдаланбаған екі шаруа қожалығы «Даурен»(басшысы Т.Құлжамбеков) 549 га, «Алекс»(басшысы А.Поляков) 64 га жерлерін өкіметке тапсырды. 2018 жылы шаруа қожалықтарының жоспары бойынша бидай өнімдерін 4000 га,картоп 150 га,көкөніс алқабын 20 га дейін жеткізбек.Өткен жылы ауыл фермерлері бір Вектор комбайны, тұқым себетін 2 Агратор комплексін сатып алған болатын. 2018 жылы 1 комбайн ,1 трактор алу жоспарланып отыр.
Биылғы жылдың наурыз айында жерлестеріміз «Арай» есімді ауыл шаруашылық коперативін құрды.Құрамында 43 мүше тіркелген коператив сүт өндірумен айналасады.Жазғы маусымда 23мүшесі Ауылшаруашылық қолдау қорынан жылына 6 % құрайтын 42,5 млн.несие алынып 151 ірі қара мал сатылып алынды.Келер жылы мал бордақылау бағытындағы коператив ашу жоспарланып отыр.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.