100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Үміткер ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Қазымұлы Мыстаевтың 2017 жылғы қорытындысы бойынша есебі

Үміткер ауылдық округіне қарасты үш ауыл бар. Атап айтсақ, Үміткер, Үлгі, Төрткөл ауылдары. Халық саны 1320 оның ішінде Үміткерде 1021, Төрткөлде 139, Үлгіде 160. Аула саны – 216, оның ішінде Үміткерде – 170, Төрткөлде  - 24, Үлгіде – 22. Экономикалық белсенді – 416 адам, тұрақты жұмыс істейтіндер – 260 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 145 адам, жұмыссыздар – 11 адам оның ішінде аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген 2 адам.
Үміткер ауылдық округінің эконимикалық дамуы
Округ аумағында 47 шаруа қожалығы бар, оның ішінде 2 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 27 шаруа қожалығы ауыл шаруашылық малдарын өсірумен айналысады.
-«Бектас» шаруа қожалығы 2016 жылы 2 бас қазақтың асыл тұқымды ақ бас бұқасын әкелсе ,биылғы жылы тағы 1 бас қазақтың асыл тұқымды ақ бас бұқасын әкеліп,мал басын асылдандыруда. «Ескендір»жеке кәсіпкерлігі мал басын асылдандыру мақсатында 24 бас асыл тұқымды сүтті сиырлар алды.
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округінің жалпы жер көлемі  104077 га, оның ішіндегі-64699 га ауыл шаруашылығы бағытындағы, 39378 га. елді-мекендер жері.
2017 жылы пайданылмайтын егістік жерлерді облыстық аумақтық инспекциясына 3 шаруа қожалығының құжаттары дайындалды, «Ержан жері», «Сопақ», «Табиғат» шаруа қожалығы.Алдағы уақытта бұл шара өз жалғасын табады.
Округ бойынша 2018 жылдың 01қаңтарына мал басы:
Жеке қосалқы шаруашылықта ІҚМ – 1398 бас, қой – 1423 бас, ешкі – 398 бас, жылқы – 1020 бас,әр түрлі құстар – 1280 басты құрайды. 
Шаруа қожалығының мал саны: ІҚМ – 981 бас, қой – 775 бас, ешкі – 317 бас, жылқы – 956 басты құрайды. Сонымен қатар ауылымыздың мал дәрігері ауыл тұрғындарына жылқы малын бірдейлендіру дерекқорына енгізу үшін чип немесе таңба салу керек екендігін ескертті
Үміткер ауылдық округінің элеуметтік инфрақұрылымын дамыту
Білім беру
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша:
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша:
Үміткер ауылдық округ бойынша: Үміткер ауылында 1 жалпы білім беретін мектеп және Үлгі ауылында  1 бастауыш мектеп бар. Үміткер ауылындағы мектеп жаңында шағын балабақша бар. Мектепте жалпы 170 бала оқиды, 25 бала шағын орталықта тәрбиеленуде.Үлгі бастауыш мектебінде 8 бала оқиды,шағын орталықта 5 бала тәрбиеленуде. 2016 жылы Үміткер мектебінің спорт залы толықтай жөңдеуден өтті. Мектептер толықтай жаңа үлгідегі техникалармен қамтамасыз етілген және интернет желісіне қосылған.
Денсаулық сақтау
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту  бойынша»
Үміткер ауылдық округінде орналасқан Үміткер селолық дәрігерлік амбулаторияға Үміткер, Үлгі, Төрткөл, Құрама ауылдары қарайды. Үміткер селолық дәрігерлік амбулаториясында 1- дәрігер, 2- кіші дәрігерлік құрамы жұмыс жасайды.Жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген. Халық жыл сайын флюрографиялық тексеруден өтіп тұрады.Тексеріс нәтижесі бойынша ауруға шалдыққан 1 науқас қазіргі уақытта облыстық диспансерде толық емделіп шықты.

Мәдениет
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша.
Үміткер ауылдық округінде көшелер атауы толықтай қазақ атауына өзгертілді.Алдағы уақытта Әділет басқармасында тіркеуге қойылады.
Үміткер ауылында модельді кітапхана жұмыс жасайды. Қазіргі таңда кітапханада 5728 кітап бар, оның ішінеде 3772 –қазақ тілінде. Оқырмандар саны 680 адамды құрайды.Үміткер ауылындағы клуб 2016 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне берілді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп, үйірмелер өз жұмыстарын жаңдандыруда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Төрткөл ауылында клуб ауыл тұрғындарының қаражатының көмегімен шатыры, клуб есіктері жаңартылды. Түрлі мерекелік шаралар сонда жүргізіледі.
Элеуметтік сақтандыру
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша»
Округ бойынша зейнеткерлер саны-132 адамды құрайды,мүгедектер саны-44 оның ішінде: 1 топтағы-14адам,2 топтағы-19 адам,3 топтағы-12 адам
Бірінші бағыт бойынша курста 3 адам кәсіпкерліктің негізі бойынша оқып шықты.
Екінші бағыт бойынша 3 адам несие алды. (Серкебаев Д. Аяпбергенова А.Т.Сабирова А)
Үшінші бағыт бойынша жастар тәжірибесі бойынша 1 адам, қоғамдық жұмыскер – 2 адам, 5 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушылар саны 10 адамды құрайды, әлеуметтік көмек алатындар жоқ. шаруа қожалықтары және 1 ауыл тұрғыны өзінің жеке кәсібін ашып, осы кәсіптерін дамыту мақсатында  «КазАгроФинанс» АҚ арқылы тракторлар мен тиегіш сатып алды. Қазіргі уақытта жұмыстарын жаңдандыруда.
Электр жарығымен қамтамасыз ету
Ауылдық округте 14 КТП бар (Үміткерде-11,Үлгі-2,Төрткөлде-1) барлығы «Қарағанды Жарық» АҚ балансында. Жыл сайын жөңдеу жұмыстары жүргізіліп отырылады. Тариф 14,86 тенге.Көшелерде 53 шам орнатылған.Қолма қол ақша бақылауынан 2018 жылы Төрткөл ауылына 4 көше жарығы орнатылады.
Көліктік инфрақұрылым
Аудан орталығына дейін жолдың ұзындығы 65 ш. құрайды. Ауылдық округ бойынша елді-мекендердің ішкі жолдары жалпы ұзындығы 11,6 ш. құрайды. 2016 жылдын тамыз айынан бастап Қарағанды-Ботақара –Ақбел- Үміткер 84 маршрутты автобусы аптасына 4 күн қатынайды, ауыл тұрғындарына өте қолайлы билет құны да көңіл көншітерлік.
Қысқы жолдардын тазалығына 1300000 теңге қаражат бөлінді. Үміткер ауылынан шығатын жол бойындағы көпір күрделі жөндеуді қажет етеді,қауіпті жол аймағы ескерту белгісі қойылды.
Сумен қамтамасыз ету
«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша су құбырларын қайта жөңдеу жұмыстарына 229 431 000 теңге қаражат бөлінді. Су құбырларының ұзындығы 18,396 ш.
Қазіргі уақытта су құбырларын тарту жұмыстары толық аяқталып, әр үйде таза ауыз суды пайдаланып жатыр.
Абаттандыру
Көктемгі, күзгі сенбіліктер өткізілді. Округ бойынша 3500 мың тонна қоқыс шығарылды. Қоқыс шығаруға ауылымыздың «Ташимбек баба» жеке кәсіпкері Ержанов Самат 2500 мың теңгеден өз тиегіш көлігімен шықты.
Салықтар
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығын орындау барысында округ аумағында әкімдікте жергілікті өзін өзі басқарудың қаражатын жұмсауды бақылайтын 9 адамнан құралған қауымдастық мүшелері жұмыс жасауда. Өздеріңізге белгілі 2017 жылы 6 түрлі (көлікке салық, мүлікке салық, жерге салық, жеке кәсіпкерлер пайдасынан түскен салық, заңды тұлғалардын жер салығы, заңды тұлғалардын тіркелген көліктеріне салық, әкімшілік айыппұл.) салықтан түскен қаражат округ аумағының Қолма-қол бақылау шотына түседі (КСН). 2017 жылы түскен 1018050  теңге. 2016 жылдан қалған сома 281 400 теңге, 2018 жылға жоспарланған қаражат 1011000 теңге.
Ауылдық округ әкім аппараты
2017 жылы барлығы 5 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 4, заңды тұлғалардан 1 өтініш. Барлығы уақытында қаралып тиісті жауап берілді.
Әкім аппаратымен 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
            Өздеріңіз білетіндей 2018 жылы қазақтың ұлы жырауы Бұқар жырау Қалқаманұлы бабамыздың 350 жылдығы аталып өтіледі.Осыған байланысты ауыл ақсақалдарымен
Керней,Алғабас ауылдарына барып қоғамдық тыңдаулар өткізілді.Бабамыздың 350 жылдығын атап өтуге қоғамдық қор ашылды.Қорға пошта бөлімщесі арқылы қаражат аударуларыңызға болады.
 

фото

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.