100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Тоғызқұдық ауылдық округі әкімі Карипбаев Ерлан Ғалымұлының 2017 жылы атқарған жұмысының есебі


Тоғызқұдық ауылдық округінің құрамы  екі елді мекеннен тұрады. Орталығы – Тоғызқұдық ауылы және бөлімшесі Тасшоқы ауылы. Округте  халық саны – 1321, үйлер саны - 296, отбасылар саны - 379, мүгедектер - 62 зейнеткерлер - 137, соғыс ардагері-1, соғыс жылдарындағы қиындықтарды еңсерген тыл еңбеккерлері – 5,жауынгер-интернационалист – 1 адам, жастар саны - 369, оның ішінде жоғарғы оқу орындарының студенттері-16, колледж студенттері - 56. Экономикалық белсенді халық саны -588, тұрақты жұмыспен қамтылғаны - 491, оның ішінде өз тарапынан жұмыс істейтіндер - 95 адам. Жыл бойы 61адам жұмысқа орналастырылды. 
Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын 13 отбасы, 84 адам.
Тұрғын үй көмегін 3 отбасы алады. Көп балалы отбасылар саны - 129. Жыл бойы  аталған категориялардағы адамдарға демеушілер тарапынан материалдық көмек көрсетіліп отырды.  
Тоғызқұдық және Тасшоқы ауылдары бүгінгі күнде қарқынды даму жолында. Бұл ауылдарда елдегі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының біршамасы орындалып, игеріліп келеді.
Бүгінгі күні  округ бойынша 71 фонарь қойылған, қазіргі уақытта 65  іске қосылып тұр, қалған фонардың іске қосылмау себебі фотореле жанып кеткен. Осы айда жөндеп іске қосатын боламыз.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар арқарылуда. Ағымдағы жылы аталмыш мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға 4 адам, тегін техникалық және кәсіптік оқыту бойынша 2 адам оқуға жіберілді.Екінші бағыт бойыншаөз жеке ісін ашу үшін 2 жоба аудандық жұмыспен қамту орталығына ұсынылып, 2 адам несие алды. Атап айтатын болсақ:  Беилхан Гулбаршын  қол өнер ісін ашу  үшін 500 мың теңге және  Дохаев Усман Ильясович мал басын өсіру үшін 15 млн теңге көлемінде несие алды. Үшінші бағыт бойынша 1 адам жастар тәжірибиесінен өтуде. Жыл басынан бері  62 адам тұрақты және маусымды жұмыспен қамтамасыз етіліп, 2 адам қоғамдық жұмыскер болып жұмыс істейді. Аталмыш бағдарламаның аясында ауыл тұрғыны Оразхан Нұрима  тамыз айында наубайхана ашты. Қазіргі уақытта бұл наубайхана ауыл тұрғындары  тарапынан сұраныс болмағандықтан уақытша жұмысын тоқтатты.
Округ бойынша 1 орта және 1 негізгі мектеп жұмыс атқарады. Жалпы оқушылар саны - 211, барлығы 58 мұғалім қызмет етеді.  2017 жылы 12 бала мектеп бітірді оның ішінде 5 бала грантқа жоғары оқу орнына түссе 7 бала колледжға оқуға түсті. Мектептерде кадр мәселесі шешілген, қазандықтар толық режимде жұмыс істеп тұр. Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебінде  орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді. Округ бойынша 3 пен 6 жас аралығында мектепке дейінгі оқу - тәрбиемен жалпы 55 бала қамтылған. Шағын орталықтар тәрбиешілермен және оқу-тәрбие үрдісіне қажетті   құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық кездесулер өткізіледі. Аудандық жарыстарға және форумдарға ауыл жастары белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында Тоғызқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды, арнайы автокөлігі бар, жалпы 5  маман халыққа қызмет көрсетеді. Тасшоқы ауылында бір фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау үнемі жүргізіліп отырады. «Денсаулық 2016-2020 жж» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, әлеуметтік маңызды аурулардан халықтың ауру –сырқау және өлім-жітімін азайту мақсатында, мақсатты топтарға жататын адамдарды  тегін медициналық скринингтік тексеруден өткізуде. 2017 жылы 27 бала дүниеге келді, 11 адам қайтыс болды, оның ішінде бір сәби бар.  Қант ауруы, бронх демікпесі, жүрек-қан тамырлары ауруларымен  ауыратын есепте тұрған ауруларға тегін дәрі-дәрмек беріледі.
«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыты», шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау. Округте жалпы көлемі 52581га жер телімі бар, ауыл шаруашылық мақсаттағы алқаптар 33764га. 
Округтің бірден бір бағыты өнеркәсіппен  ауыл шарушылығын дамыту болып саналады.Округ бойынша тіркелген  шаруа қожалықтарының саны - 46.  Оның ішінде 40 шаруа қожалығы толық жұмыс істеп, даму жолында.
Биылғы жылы 3617 га егін салынып, 1690 тонна бидай, 1295 тонна арпа және 12 тонна сұлы жиналды. Қысқы мерзімге 8860 тонна жем-шөп дайындалды.
Округ аумағында 01.07.2017ж. келесідей мал басы тіркелді: ІҚМ – 2637 бас, ҰММ – 5247 бас, жылқылар – 584 бас, шошқа – 16 бас, құстар – 4804 бірлік. Оның ішінде ауыл шаруашылығында (ШҚ) ІҚМ 1082 бас, ҰММ 477 бас, жылқылар 164 бас, құстар 50 бірлік.  Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға араналған бағдарламасы бойынша ауылдық округте ветеринариялық жұмыстар жүргізілуде.
Ауылда жеке кәсіпкерлер  саны - 5. Дүкен иелерімен азық-түлік бағасын өсірмеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Апта сайын әлеуметтік маңызды азық–түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп қадағаланып тұрады. 
Ағымдағы жылы «Ауылшаруашылықты қолдау» қоры арқылы «Ынтымақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 24 адамнан құралған «Алға қадам» ауыл шаруашылық өнеркәсіп кооперативі құрылды. 2,5 млн теңгеге сүт қабылдау пунктін сатып алынды.
Мәдени - бұқаралық іс-шараларды өткізу барысы.  Мәдени-ағарту ошақтарынан округте 1 мәдениет үйі,  1 модельді  кітапхана бар. Бұл бағытты ерекше атап өту керек. Себебі әрбір мәдени іс-шараны   халықтың басын біріктіруге, елге деген сүйіспеншілікті бекіту үшін, Елбасының саясатын  тарату мақсатында терең мағынамен ұйымдастырып, өткізу жоспарланады.
Пошта қызметі бұрынғыға қарағанда қазір қарқынды жұмыс жасауда, себебі поштаға спутникті антена орнатылған, барлық төлемақылар мен басқа да қызметтер «колвер» жүйесі арқылы көрсетіледі, газет - журналдар сонымен қоса  халықтың еңбекақысы, зейнетақысы уақытында таратылып беріледі. 
Жеке кәсіпкерлерден, жер мен мүліктен және көліктен түсетін салық төлемдері  2016 жылдан бастап жергілікті әкімшіліктің қолма –қол бақылау есеп шотына түсетін болды. Жыл басынан аталмыш есеп шотқа 3,540 мыңтенге жиналды. Оның ішінде 400 мыңтеңгесі көше жарығына, 1,785мың ауыл көшесін тегістеуге, 460 мың иесіз қалған күл-қоқысты шығаруға, 350 мың ауыл ішіндегі көшелерді қардан тазалауға және 110 мың аспалы өрт сөндіру құрылғыларын алуға жұмсалды.
Жыл сайын сәуір айында халық арасында  жеке меншік малды бағу және көктемгі тазалық жөнінде жиналыс өткізіледі. Ауыл тұрғындарымен елді мекендердің сәулет түрін жақсарту және көгалдандыру бойынша жеке аула иелерімен бірыңғай шарт жасалған. Тұрғындар арасында қатты тұрмыстық қоқыс полигонын ашу бойынша үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Ауылды көркейту  және  өрт қаупін алдын алу жөнінде ауыл әкімімен 296 отбасы келісім шартқа отырды. Жергілікті сенбіліктер мен таза бейсенбіліктер өткізілді, шаруа қожалықтарының көмегімен ауылдан 1594 тонна қоқыс шығарылды.

фото

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»