100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

ТОҒЫЗҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ 1 – МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.

Әлемнің барлық елдерінде 1-маусым балаларды қорғау күні тойланады. 1- маусым күні  ауылымыздың кішкентай бүлдіршіндері мен ата-аналары Мәдениет үйінің ауласына жиналды. Балалардың шуақты мерекесіне арналған шара көп күттірмей басталды. Басты назарда- балалар.  Жүргізушілер жиналғандарды үлкені мен кішісі де асыға күткен жарқын мерекелерімен құттықтай отырып, ашық аспан, бейбітшілік, достық тіледі.

Ауыл әкімі Т.Арыстанбеков бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Жас бүлдіршіндер өз кезегінде әуелетіп ән шырқап, мың бұралып би де биледі, сахналық көрініспен қатар КТК әзілдерін көрсетті. Мерекелік шараға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге ойыншықтар мен түрлі сыйлықтар тарту етілді. Мереке соңы бүлдіршіндерге арналған  би кешімен жалғасты.

 

Тоғызқұдық  ауылдық  округі әкімінің аппараты

Вернуться к списку новостей

Қарағанды обысында сандық технологиялар барлық ауруханалар мен емханалардың жұмысын оңтайландырды 13 Қараша 19:27
Халық әндерін орындаушы Сержан Мұсайын Қарағандыда жеке концертін береді 13 Қараша 19:14
«Сарыарқа» хоккей клубында жаңа жаттықтырушы тағайындалды 13 Қараша 19:00
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»