100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Халықтық пікір

Қ.Жапаров, «Агро - Фермер» ЖШС директоры:
 

Мен көп жылдардан бері жеке шаруашылықпен айналысқым келгенмен, бос жерлер болмады. Былтырғы жылы конкурсқа қатысып, Ақбел ауылдық округіне қарасты «Алабас» бөлімшесінен көп жылдар бойы бос жатқан жерді жеңіп алдым.

Жаз айларында жерді өңдеп, химиялық жолдармен тазалап, қазіргі таңда 2000 гектар жерге егіе егіп отырмын. Алдағы уақытта одан да көп өнім алу жолдарында жұмыс жасап жатырмын.

Көбіне ауылдық жерлердің тұрғындары ана жер менікі, мына жер менікі деп жатады, сол жерлерге мал жайып, шөп шабады, ал заң жүзіне келер болсақ, ол жер ешкімге тиесілі емес болады. Тіпті мемлекеттен жер алып, оны қолданбай босқа ұстайтындар, көбіне белгілі бір себептерменкелесі жылы деген жоспармен жүрген тұлғалар да бар. Көп кәсіпкерлер жер телімдеріне дұрыс күтім көрсетпей, арамшөптер өсіп, жер құнарлығы азаяды.Сол себептен жерді игерусіз қалдырмай, қолынан іс келетін азаматтарға берген дұрыс.

Елбасы Н.Назарбаев жер мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Елімізде бос жатқан жерлерді игеріп, дамытып, шаруашылық түрлерін арттырамын деген жанға мемлекет тарапынан көрсетілер көмек көп. Тек алға қарай талпыныс керек. Ауданымыз бойыншажер қолданушылар арасында қарамағындағы жерді қолданбай, босқа ұстаушылардың тізімін баспа бетіне басып шығару осындай адамдарға ой салады деп ойлаймын. Жер қатынастары бөлімі осы мәселеде қаталырақ болса екен.

 

Қабдолла Жәмиев, Құрылыс ауылының тұрғыны:

Құрметті Шагурашид Қалиұлы! Мен Құрылыс ауылының тұрғыны боламын. Өз атымнан ауылымыздың әкімдігі аппаратына, әкімі Елтай Жамантайұлына алғысымды білдіргім келеді. Үнемі халықтың қамын жеп, қажырлы еңбек етіп келеді. Аудан басшылығы тарапынан келіп, бізбен кездесу өткізгендеріңіз үшін рахмет. Күрмеуі қиын мәселелер шешімін табады деп сенемін. Отбасыларыңыз аман, жұмыстарыңыз жемісті бола берсін!

 

Мадешов Жәнібек, Ақжар негізгі мектебінің директоры:

Әкім мырза, мен мектеп директоры болып қызмет атқарамын. Айтайын дегенім, мемлекет тарапынан, оның ішінде аудандық әкімдік, аудандық мәслихат аппараттарынан білім беру саласына көп көңіл бөлінеді. Бұл жалғыз менің сөзім емес- мектеп ұстаздарының ортақ пікірі. Аудандық мәслихат балаларымызды судан да, өрттен де алып шыққанын айта аламын. Ақсақалдарға көмір кіргізіп, көмек көрсетеді. Ауылымызға келіп, күрделі мәселелерді көтеріп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 20 Шілде 2017 14:52
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 02 Тамыз 2017 17:36
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»