100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ , СЫҢҒЫРЛА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

25 – мамыр  күні Кузнецкий ЖББОМ  соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын болды. Мерекелік шараға мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері және ата-аналар қатысты. Мектеп бітіруші түлектер Қазақстан Республикасының туын 10 сынып оқушыларына салтанатты түрде ант беру арқылы табыстады. Мерекелік жиын барысында алғыс сөз ауыл әкімі Т.Арыстанбековке, мектеп директорының м.а Д.Авдхалагқа және аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Г.Байтановамен ардагер ұстаздарға беріліп, түлектерге ақ жол тіледі. 1 сынып оқушылары «Аға -әпкеме тілек » атты өлең жолдарымен мектеп бітіруші түлектерге өздерінің ақ тілектерін білдірді.

Тасшоқы негізгі мектебінде де соңғы қоңырау мерекесіне арналған іс-шара өз деңгейінде атап өтілді. Мерекелік іс-  шара мектеп алаңында өтті. Қазақстан Республикасының мемлекетік Туы енгізіліп, Әнұран орындалды.

Мерекелік шара қазақ және орыс тілінде жүргізілді. 9-сынып түлектері салтанатты түрде ортаға шақырылды. Мектеп директоры А.Жумашева жиылған мектеп бітіруші түлектермен ұстаздарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, түлектерге ақ жол тіледі. Мерекеге келген ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздардың еңбектеріне жеміс тілеп, алғыстарын білдірді. Сонымен қатар аға ұстаздар мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі.

Өз кезегінде мектеп бітіруші түлектер ұстаздарға алғыстарын айтып, «Ұстаздарға арнау» әнін  орындады.

Мектеп бітірушілерге түлектерге соңғы қоңырауды соғу  рәсімін 11 сынып оқушысы Е.Төлеуханмен 1 сынып оқушылары Нұрсейт Акеркемен Жанеркеге тапсырылды. Мерекелік шара соңында мектеп бітіруші түлектер қоштасу вальсімен  флешмоб биледі.

Вернуться к списку новостей

Облыстық Тексеру комиссиясының жаңа төрағасы сайланды 04 Желтоқсан 14:27
Қалалық бос жұмыс орын жәрмеңкесінде 380 адам жұмыс тапты 04 Желтоқсан 13:29
Саранда қала әкімінің «Qyran» жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды 04 Желтоқсан 13:02
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»