100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Агибаев Серик Карибаевич

Серік Кәрібайұлы Ағыбаев

1939 жылы 12 қазанда Қарағанды облысының Ульянов поселкесінде (Колхозное с.) туған.

Мектеп бітірген соң, 1957 жылы сол мектепте зертханашы, содан кейін Колхозное селосында көлік жүргізуші болып жұмыс істеді.

Қарағанды политехникалық институтын бітірген соң, 1963 жылдан бастап Қаражал қаласында құралыс учаскесінің мастері, 1964-1965 жылдары Жезқазған құрылыс техникумының оқытушысы болып қызмет етті.

1965 жылдан бастап Ульянов ауданының Ульянов поселкесінде № 354 жолдарды пайдалану учаскесінің бас инженері, содан кейін бастығы болып еңбек етті.

1973 жылдан 1991 жылға дейін Ульянов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1991 жылдан 1994 жылға дейін «Қарағанды жолдары» АҚ № 54 жолдарды пайдалану учаскесінің бастығы болып қызмет етті.

1994 жылы Облыстық Маслихаттың хатшысы болып сайланды, онда 1997 жылға дейін қызметте болды.

1997 жылдың тамызынан зейнеткерлікке шығар алдында, Облыстық санақ басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етті.

1998 -99 жылдары Ульянов аудандық электр жүйесі бастығының орынбасары болды.

1999 жылы екінші рет, Облыстық Маслихаттың депутаты ретінде сайланды.

Қазіргі уақытта Облыстық Маслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы.

Партия, совет шаруашылық органдарында көп жылғы еңбегі үшін «Ерлік еңбек үшін В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальдерімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Бұқар-Жырау ауданының құрметті азаматы» жоғарғы атағы С.К. Ағыбаевқа Бұқар-Жырау аудандық Маслихаттың 2001 жылдың 25 тамыздағы XIV сессиясының шешімімен берілді.


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 23 Октября 2015 13:37
В Карагандинской области обсудили проблемы малого и среднего бизнеса 27 Сентября 16:38
В Абае прошёл областной форум сельских женщин 27 Сентября 16:35
В Каркаралинске спустя полвека собрали первый состав ансамбля «Салтанат» 27 Сентября 16:30
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»