100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Зейнешев Тлеубек Ережепович

1942 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Айнабұлақ ауылында дүниеге келген. Өзінің еңбек жылын 1958 жылы Егіндібұлақ ауданында Қазақстанның XXX жылдығы атындағы колхозда қатардағы колхозшыдан бастап, механизатор мамандығын игереді.
1966 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын қызыл дипломмен бітіріп. Туған ауданында агроном мамандығымен  әр-түрлі қызметтер атқарды.
1968 жылдан бастап Қарағанды облыстық комсосомол комитетінде және облыстық партия комитетіннде қызмет етеді. 1963 Мичурин аудандық партия комитетінің екінші хатшысына сайланып, кейіннен Молодежный ауданы халық депутаттар кенесінің атқару комитетінің төрағасына сайланады.
1985-1987 жылдары Қарағанды облыстық аграрлық - өнеркәсіп басқармасында, басқарма орынбасары болып қызмет етеді.
1987-1992 жылдары Егіндібұлақ ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық советтің төрағасы қызметтерін атқарады.
1992 жылы Мичурин ауданының әкімі. 1997-1999 жылдары Қарағанды облысының ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, 1999 жылдан Бұқар-Жырау ауданының әкімі.
Бірнеше рет облыстық, аудандық Советтін депутаттығына сайланды. Мемлекет алдындағы көп жылғы еңбегін бағалап «Құрмет белгісі» орденімен екі рет, «Тың жерлерді игергені», «Еңбек ардагері», Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
1996 жылы «Қазақстан Республикасының ауылшаруашылыққа еңбек сіңірген қызметкер» атағы берілген.
2000 жылы Осакаров аудандық мәслихат сессиясының шешімімен «Осакаров ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
«Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғарғы атағы Тілеубек Ережепұлы Зейнешевке Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2002 жылдың 7 қарашасындағы XXII сессиясының шешімімен берілді.


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 18 Августа 2016 10:32
Оркестр имени Таттимбета открывает новый концертный сезон 26 сентября 13 Сентября 12:12
Скрининг бизнеса проводят в Карагандинской области 13 Сентября 11:37
Фронт-офис открыли в суде Балхаша 13 Сентября 11:06
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»