100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жумашев Көпей Бөдеұлы

Жұмашев Көпей Бөде ұлы

1928 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданы, Ростовка селосында дүниеге келген.

1935-1942 жылдары Ростовка орта мектебін 7 сыныбын бітіреді.

Соғыстан кейін мектепті бітіріп 1959 жылға дейін «Коммунизм жолы» атындағы совхозда есепші қызметті етеді.

1959-1961 жылдары Қарағанды Кеңестік партия мектебін бітіріп Тельман ауданының атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады.

1962 жылы Тельман ауданының коммунистік партиясының екінші хатшысы болып сайланды.

1967-1979 жылдары Егіндібұлақ, Осакаров, Молодежный аудандарының Кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады.

1979-1988 жылдары Қарағанды облыстық коммунистік партия аппаратында ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, партиялық бақылау төрағасының орынбасары қызметтерін атқарады.

1988 жылдан Республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққан.

Көп жыл бойы адал еңбегі үшін Көпей Бөде ұлы «Тыл еңбекері», «Еңбек ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», «Тың жерлерді игергені», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Ұлы Отан соғысындағы еңбегі үшін», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медальдарымен және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы, Ростовка селосында тұрады.

«Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғары атағы Көпей Бөде ұлы Жұмашевқа Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2005 жылдың 5 тамыздағы 17 сессиясының шешімімен берілді.

 


Размещение информации: 23 Октября 2015 13:37
Последнее редактирование информации: 23 Октября 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»