100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Сыздыков Мереке Мансурович

1933 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданы, Ақтөбе селосында дүниеге келген.
1955-1957 жылдары Ақмола ауылшаруашылық мектебін бітіріп Тельман ауданында Қазақстанның XXX жылдығы атындағы колхозда агроном қызметің атқарды.
1957-1961 жылдары Тельман ауданының комсомол комитетінде және коммунистік партиясының екінші хатшысы және инструктор қызметін атқарады.
1961-1964 жылдары Тельман ауданының Ақбастау совхозында партия комитетінің хатшысы болып сайланды.
1964-1974 жылдары Тельман ауданы Киров атындағы совхозында еңбек комитетінің төрағасына сайланады және партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарады.
1974-1988 жылдары Тельман ауданы, Тимирязев атындағы совхозының директоры болып қызмет етеді.
1988-1993 жылдары Тельман ауданы Дубовка селосы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады.
1993 жылдан Республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққан.
1996 жылдан бастап Ульяновка ауданы Новоузенка селолық округінің ақсақалдар Кеңесін басқарады.
Жемісті көп жылдық еңбегі үшін Мереке Мансұрұлы Қазан Революциясы орденімен, «Еңбек ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», «Ерлік еңбегі үшін В.И. Ленинің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «Тың жерлерді игергені» медальдарымен және Қазақстан
Республикасының құрмет грамотасымен марапатталған.
Облыстық және аудандық ақсақалдар Кеңесінің мүшесі.
Қазіргі уақытта Бұқар-Жырау аудынының, Новоузенка селосында тұрады.
«Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғары атағы Мереке Мансұрұлы Сыздықовқа Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2005 жылдың 15 желтоқсандағы 23 сессиясының шешімімен берілді.


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 18 Августа 2016 10:33
Скрининг бизнеса проводят в Карагандинской области 13 Сентября 11:37
Фронт-офис открыли в суде Балхаша 13 Сентября 11:06
В Караганде строится новый Дворец школьников 12 Сентября 16:04
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»