100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Шибаева Мүгүлсім Ғұбайдоллақызы

1954 жылы 25 ақпанда Қарағанды облысы Ульянов ауданы Семізбұға кенішінде дүниеге келген.
Еңбек жолын 1971 жылы Ульянов кентінде аудандық балалар кітапханасында кітапханашы қызметінен бастап, содан кейін 1973-1975 жылдары Ульянов аудандық кітапханасының әдіскері, 1976 жылдан бастап аға әдісекрі қызметіне ауысады. 
1980 жылы аудандық кітапхана әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1982-1985 жылдары аудандық ортандылықтандырған кітапхана жүйесінің директоры.
1985 жылы Аль-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық институтын  тәмамдап, ауданның мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етеді.
2005 жылдан бастап Бұқар жырау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметіне орналасты. Аталмыш қызметті абыроймен осы күнге дейін атқаруда.
Ұзақ жылғы және нәтижелі еңбегі жоғары бағаланып, ҚР қоғамдық келісім және ақпарат, мәдениет Министрлігінің Құрметті белгісімен, «Мәдениет қайраткері», «Алтын белгі», «Күміс белгі» белгілерімен, облыс әкімінің, «Нұр Отан» ХДП алғыс хаттарымен, сондай-ақ Бұқар жырау ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Іске берілгендігі үшін», «Облыс мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша диплом иегері.
Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде тұрады.
«Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғарғы атағы Мүгүлсім Ғұбайдуллақызы Шибаеваға Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2013 жылдың 10 шілдедегі XV сессиясының № 6 шешімімен берілді.


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 18 Августа 2016 10:43
В Карагандинской области обсудили проблемы малого и среднего бизнеса 27 Сентября 16:38
В Абае прошёл областной форум сельских женщин 27 Сентября 16:35
В Каркаралинске спустя полвека собрали первый состав ансамбля «Салтанат» 27 Сентября 16:30
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»