100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Уркунов Василий Михайлович

Уркунов Василий Михайлович

1937 жылы 29 қарашасында Қарағанды облысы Осакаров ауданы № 22 кентінде дүниеге келген.
Петропавл индустриалдық-педагогикалық техникумын, Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірді.
Өзінің педагогикалық қызметін 1959 жылдан бастап кәсіптік оқытудың шебері, содан кейін бас шебер, ұстаз, Көкпекті селосындағы №3 кәсіптік лицейдің оқу-кәсіптік жұмысының орынбасары қызметтерін атқарды.
1980-2005 жылдары Көкпекті селосының №3 кәсіптік лицейінде директоры лауазымын атқарды.
2005-2010 жылдары Көкпекті селосының №3 кәсіптік лицейінде оқу шеберханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2010 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Бүгінгі танда жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда.
Саналы ғұмырын білім беру саласына ғана емес, сондай-ақ спортқа да арнады, көп жылдар бойы ауданның хоккей командасы құрамында ойнап, жүлделі орындарға ие болды.
Ұзақ жылғы әрі нәтижелі еңбегі жоғары бағаланып, Василий Михайлович  «КСРО-ның кәсіби-техникалық білім беру саласының үздігі», «Қазақ КСР-ның кәсіби-техникалық білім беру саласының үздігі», «Белсенді жұмысы үшін» белгісімен және «Еңбек ардагері»,  «Ерең еңбегі үшін» медальдарымен  марапатталып, «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағын иемденді. Бірнеше мәрте Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен мадақталды.
Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданы Көкпекті селосында тұрады.
«Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы» атағы Василий Михайлович Уркуновқа Бұқар жырау аудандық мәслихаттың 2013 жылдың 19 тамызындағы XVI сессиясының № 8 шешімімен берілді. 


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 18 Августа 2016 10:40
Газопровод «Сарыарка»: Кто в области получит голубое топливо в первую очередь 10 Сентября 18:04
Более 5 000 карагандинцев написали диктант на латинице 10 Сентября 17:15
Автовокзал Караганды снизил цены на поездки внутри страны и запустил новый маршрут 10 Сентября 14:10
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»