home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Денсаулық сақтау

Денсаулығың - байлығың
Ауру адамға айтып келмейді. Аяқ астынан келген кесел адамның берекесін алады, дене қызуын көтереді, төсекке таңады. Жақын-жуығың саған несімен көмектесерін білмейді, бірде маңдайыңа ылғалды шүберек басады, енді бір сәт су тамызады. Ал науқасты осындай қиын жағдайдан демеп, алып шығатын ақ желеңді абзал жан. Оның аты - дәрігер.
Гүлназ Аннасқызы Дүйсенбаева басқаратын Гагарин селолық отбасылық дәрігерлік амбулаторияда тілегі де, жүрегі де бір 6 адам қызмет етеді. Гүлназ Аннасқызы –жалпы тәжірибелі дәрігер, еңбек өтілі - 35 жыл, Елена Савина- мейірбике мамандығына 28 жыл өмірін арнапты. Бүгінгі таңда аналар мен нәрестелерге қамқорлық жасап жүрген жан екен.
Наталья  Цыбулько - акушер, Татьяна Петрушенко - фельдшер, Владимир Шпед - “Жедел жәрдем” жүргізушісі, Мәдина Шырайманова- тазалықшы.
Ұядай жылы, таза ғимарат ішіндегі жандар Гагарин селосы, Березняки, Тасауыл фельдшерлік пункттері орналасқан елді мекендер тұрғындарына да, ал олар 2800 адам, қарлығаштай су сеуіп, керекті көмектерін көрсетіп жатады. Березняки ауылына әрбір сейсенбі сайын барып, бір жасқа дейінгі балаларды тексерістен өткізіп, аналарымен кеңесіп, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардан қан, зәр анализдерін алып,
ауқымды жұмыстар атқарып жатады екен.
Ғимарат ішінің бір бөлмесінде физио сәулелерімен емдеу бөлмесі орналасқан. Биотрон аппаратымен ингаляциялар, кварцпен – тамақты емдеу, УВЧ сәулелерімен тамақ пен құлаққа шыққан түрлі жаралар емделеді екен. Медицинада аурудың диагнозы неғұрлым тез әрі дұрыс қойылғанда науқасты емдеу жақсы нәтиже береді. Ал осы диагнозды түрлі зерттеулерден соң тәжірибелі дәрігер Гүлнар Аннасқызы қойып, емшараларын белгілеп, олардың уақытымен беріліп, аурудың мезгілімен қабылдауын қадағалайды.
Адам бір ауыз жылы сөзге марқаяды. Жас ұлғайып, жаңа ескіріп, күш қайтқан шақта жылы сөз адамға жігер береді, келер күндерді қарсы алуға талпындырады. Адаммен жақсы тіл табысып, қалжыңдар айтып, күлдіріп, адамға бар ауруын ұмыттырып жіберетін жақсы дәрігерлер де бар жанымызда.
Әр отбасында шешілуі қажет мәселелер болатыны сияқты, осы мекеменің де қордаланған мәселелері бар екенін айтады Гүлнар Аннасқызы. Мекеменің отын сақтайтын орны жоқ екен. Жаңа заман талабына сай еңбек етіп отырған ұжым басшысы алдағы уақытта  күндізгі стационарды 4 төсекке дейін үлкейтіп, салауатты өмір салтын насихаттайтын кабинет ашу ойы бар екенін, ұжымның осы тұрғыда аудан басшылығының көмегін қажет ететініне тоқталған болатын.
Ұжымдағы әр адам өзінің функционалды міндеттерін жақсы біледі, жан-жағындағы адамдармен емен-жарқын тіл табысады. Ұядай жылы мекеменің ішінен тазалықтың, татулықтың, мейірімділіктің иісі аңқиды.Ұжым мүшелері қайғыны да, қуанышты да бірге бөліседі, ауылдың әрбір тұрғынының шаттығына да куә. Дүниеге жаңадан адам келсе, әлемге жар салып, қуанады, ана мен балаға демеу, тірек болады.
Өмір тоқтаусыз ағады, бір орнында тұрмайды. Ұлы ойшыл Әл-Фараби” Адам мақсатына өз-өзін жетілдіру арқылы ғана жетеді” деген екен. Жыл сайын тәжірибесін молайтып, заман талабына сай қызмет етіп жатқан мекеме ұжымы ізденуден, іздеуден, жаңарудан, қарыштаудан талмайды.
Адам - қашанда елдің басты байлығы. “Халық денсаулығы - ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі”деген болатын өз Жолдауында елбасымыз Н. Назарбаев. Салауатты өмір салтын насихаттап, адамдардың жүрегінде ертеңгі күніне деген сенім мен жігер орнатып жүрген ақ желеңді жандарға мың тағзым!
Қ. Ахметова


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»