100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-R-1 санаты үшін:  Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде  кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе ғылыми дәрежесінің болуы; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарында жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
Е-R-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
 E-R-5 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
E-G-3  санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем  емес немесе осы  санаттағы нақты лауазымның  функционалдық  бағытына сәйкес облыстарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №02-0102/5 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы №5084 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

E-R-1

109 548

147 986

E-R-3

74 313

99 939

E-R-4

56 376

76 235

E-R-5

49 969

67 907

Е-G-3

53 812

72 391

        «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны: 8(72154) 54525;  факс: 8(72154) 22171, электрондық  пошта: [email protected]) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Бұқар жырау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік, №1-1, E- R -1 санаты).               
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің қызметін басқарады. Кондоминиум нысандарының ортақ мүлігінің техникалық тексеруін ұйымдастырады және өткізеді. Кондоминиум нысанының ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерінен өткізудің тізімдемесін, кезеңдерін және кезегін анықтайды. Кондоминиум нысандарының ортақ мүлігін ұстау тәртібінің бұзушылықтары туралы актілерді толтырады. Кондоминиум нысандарының ортақ мүлігін ұстау тәртібінің бұзушылықтары бойынша орындалуға міндетті нұсқама шығарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –  құрылыс мамандықтары бойынша техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, № 1-1, E- R -4 санаты).           
Функционалдық міндеттері:
Тұрғын үй қорын тиісті пайдалану және сақтау бойынша кондоминиум нысанын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру бойынша кешенді жоспардың іске асыруы. Кондоминиум нысанының ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерінен өткізудің тізімдемесін, кезеңдерін және кезегін анықтау. Кондоминиум нысанының ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерінен өткізуге смета шығындарын келісу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – құрылыс мамандығы бойынша техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау ауданының құрылыс бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №2, E- R -4 санаты).           
Функционалдық міндеттері:  
Өңдеу, сараптама, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманың келісілуі және бекітілуі бойынша жұмыстар жүргізеді. Нысандардағы құрылыс бойынша негіздеме, болжамдар, бағдарламалар құрады. Жеке меншік нысандарының құрылысы бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізуге құжаттамалар әзірлейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –құрылыс мамандықтары бойынша техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алулар», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Бұқар жырау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жетекші маманы (1 бірлік, №1-4, E- R -5 санаты).     
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің кіріс және шығыс корреспонденцияның тіркелуін жүзеге асырады; бақыланатын және  орындалған құжаттардың тізімін құрайды; «Электронды құжат айналымы» бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етеді; аппарат жиналыстарында және бөлім жанындағы басқа да іс-шараларды өткізуде және дайындауда қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді және олардың уақытында орындалуын жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе мұрағат ісі, құжаттандыру және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша;  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»,  «Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы» Заңдарын, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік ережелерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ сектор меңгерушісі (1 бірлік, № 2-1, E- R -3 санаты). 
Функционалдық міндеттері:
Аудан аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді және өңдейді, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық дәрі-дәрмектің жеткізілуін, сақталуын ұйымдастырады,  уәкілетті органға ветеринариялық есептіліктің уақытында ұсынылуын және есебін қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы малдарының бірдейлендіруінң уақытында өткізілуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – зоотехния, мал шаруашылығы азық-түлігін өндіру технологиясы мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық немесе ветеринариялық медицина мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
6. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №2-2, E- R -4 санаты).     
Функционалдық міндеттері:
Асыл тұқымды өнім өндіру және асыл тұқымды төлдерді өсіру бойынша асыл тұқымды нысандар қызметін үйлестіреді, болжамдар және іс-шараларды өңдеуді, сондай-ақ мал шаруашылығын сала ретінде дамыту бағдарламаларын және де ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді  бағдарламаларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – зоотехния, мал шаруашылығы азық-түлігін өндіру технологиясы мамандығы бойынша ауыл шаруашылық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы (1 бірлік, № 2-2, E- R -4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларын және бюджеттік өтініштерін қарастырады және қабылдайды. Мекеме бекіткен еңбекақы және басқа шығындар бойынша сараптама,  ірі көлемді төлемші, келіп түскен әр түрлі сомалар, кіріс бойынша күтілетін бюджет туралы ақпарат жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, ҚР Бюджет Кодексін, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономикалық анализ және болжау секторының бас маманы (1 бірлік, № 3-2, E- R -4 санаты).         
Функционалдық міндеттері:
Ауданның аудандық бөлімдермен басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізімін өңдейді. Кент, селолық округ, әлеуметтік-экономикалық даму саласының кешенді жоспарларының іске асырылуын үйлестіреді. Білім, денсаулық, мәдениет, спорт, демография, миграция, әлеуметтік қорғау, еңбек, аумақтық даму, фискальды саясат салалары бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын болжауды әзірлейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, ҚР Бюджет Кодексін, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
9. «Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, № 04-1-1, E- R -4 санаты).           
Функционалдық міндеттері:
Ата-ана қарауынсыз қалған кәмелетке толмағандардың есебін жүргізеді және анықтайды. Қамқорлыққа алынғандардың тұру шарттары және оқуы, олардың құқықтары мен әлеуметтік көмегінің қорғалуын, тәрбиесін, патронат балаларды ұстау және тәрбиелеуді бақылайды. Азаматтардың өтініштерін және қызметтік құжаттардың өтуі және қарастыру тәртібін бақылауды жүзеге асырады. Білім ұйымдарында және бөлімде іс жүргізу бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – педагогикалық немес заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық)  және отбасы туралы» Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
10. Тұзды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, № 4-18, E- G -3 санаты).           
Функционалдық міндеттері:
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау,  кәмелетке толмағандар арасындағы профилактика, селоны абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік, гуманитарлық, экономикалық, педагогикалық немесе әлеуметтік жұмыс, социология, политология мамандықтары бойынша;  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және  отбасы туралы» Кодексін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»