home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-R-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №02-0102/5 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы №5084 болып тіркелген.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

E-3

78798

106345

E-4

59579

80720

Е-R-3

74 313

99 939

Е-R-4

56 376

76 235

Е-G-3

53 813

72 391

 

«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны: 8(72154) 54525; факс: 8(72154) 22171, электрондық пошта: [email protected]) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ аудан әкімінің кеңесшісі (1 бірлік, №5-1, Е-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметінің жұмысын жүргізеді, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет жасайды, материалдардың БАҚ сапалы және жедел шығуын бақылауды жүзеге асырады, аудан әкімінің қатысуымен іс-шаралардың, аудан әкімінің жұмыс сапарының жариялануын қамтамасыз етеді. Ақпараттық қауіпсіздікке, Интернет ресурста (аудан әкімінің веб-сайтында) ақпаратты жылдам орналастыруға және материалдарды жаңартуға, оның техникалық ілестірілуіне, деректер базасын қолдауға жауапты болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – заңгерлік немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе журналистика, қоғаммен байланыс мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы №174 «Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы №464 «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы» және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Жарлықтарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

  1. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету, АҚ, ТЖ алдын алу және жою бөлімінің АҚ және ТЖ жөніндегі бас маманы (1 бірлік, №10-3, Е-4 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Бейбіт және соғыс уақытына азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; азаматтық қорғаныс күштері және басқару органдарының жетекші құрамының дайындығы бойынша, сондай-ақ қауіп жағдайында және төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындарды оқытуға бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, жұмылдыру дайындығы бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

  1. Қушоқы кенті әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, №2-3, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік және орыс тілде іс жүргізу мәселелері бойынша жұмысты, нотариалдық әрекет етуді ұйымдастырады, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары органнан келіп түскен құжаттардың уақытында есепке алынуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауға алады, мұрағатқа өткізуге істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдем етеді, округ әкімінің құқықтық актілерінің жобасын дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – заңгерлік немесе педагогикалық немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағат ісі, құжаттандыру және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нотариат туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

  1. Қушоқы кенті әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, №5-3, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Әкім аппаратының құқық мәселелері бойынша жұмысты жүргізеді. Заңдарға сәйкес актілерді, келісім шарттарды бақылауды жүзеге асырады. Жеткізіп берушімен наразылық жұмысын жүргізеді. Кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қызметін қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді жүргізеді, ішкі саясат мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

  1. Корнеевка а/о әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, №4-11, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Халықты әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – заңгерлік немесе гуманитарлық немесе экономикалық немесе педагогикалық немесе әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, саясаттану мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

6. Петровка а/о (1 бірлік, №8-15, Е-G-3 санаты), Үміткер а/о (1 бірлік, №8-19, Е-G-3 санаты), Шешенқара а/о (1 бірлік, №8-20, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандарыбухгалтері.

Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді, тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді, аудандық статистика бөліміне, салық комитетіне есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1172 қаулысын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

  1. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономикалық талдау және болжау секторының меңгерушісі (1 бірлік, №3-1, E-R-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу, басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

  1. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алулар секторының бас маманы (1 бірлік, №6-2, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Келісімшарттарды дайындауда қатысады, сондай-ақ олардың жекешелендіру, жалға беру, кәсіпорындарды және басқа да мемлекеттік меншік нысандарын сату мәселелері жөнінде бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру процесін үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – экономикалық немесе заңгерлік; Қазақстан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»