100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-R-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім, не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

  •  «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №02-0102/5 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы №5084 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

E-R-3

74 313

                     99 939

E-R-4

56 376

                     76 235

Е-G-3

53 813

  72 391

Е-G-4

48 047

  64 704

        «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны: 8(72154) 54525;  факс: 8(72154) 22171, электрондық  пошта: [email protected]) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. Ақөре ауылы әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, №2-24, Е-G-3санаты).
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік және орыс тілде іс жүргізу мәселелері бойынша жұмысты, нотариалдық әрекет етуді ұйымдастырады, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары органнан келіп түскен құжаттардың уақытында есепке алынуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауға алады, мұрағатқа өткізуге істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдем етеді, округ әкімінің құқықтық актілерінің жобасын дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе педагогикалық немесе  мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мұрағат ісі, құжаттандыру және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нотариат туралы»,  «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексін,  Қазақстан  Республикасының Жер Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. Новоузенка а/о әкімі аппаратының  бас маманы (1 бірлік, №3-10, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: 
Округ тұрғындарының әр шаруашылық және алфавит кітаптарын жүргізеді, 6ж, 7ж, 6р, 7р үлгілері бойынша статистикалық есептерді құрастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына, кіші және орта бизнестің дамуына жәрдем етеді, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жер учаскесін беру және жерді пайдалану мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобасын дайындайды, ЖТҚ және жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге берілген пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық немесе заңгерлік немесе техникалық немесе ауылшаруашылық немесе жерге орналастыру мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3.  Корнеевка а/о (1 бірлік, №4-10, Е-G-3 санаты),  Тұзды а/о (1 бірлік, №4-18, Е-G-3 санаты)  әкімдері аппараттарының  бас мамандары.
Функционалдық міндеттері:
Халықты әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе гуманитарлық немесе экономикалық немесе педагогикалық, әлеуметтік жұмыс, социология, политология мамандықтары бойынша;  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,   «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. Бұқар жырау а/о (1 бірлік, №6-5, Е-G-3 санаты), Гагарин а/о (1 бірлік, №6-6, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандары.
Функционалдық міндеттері:
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады, кіші және орта бизнестің дамуына жәрдем етеді, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, әр шаруашылық кітаптарын жүргізеді. Жалпыға ортақ әскери қызмет және әскери міндет бойынша заңының орындалуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе экономикалық немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлеуметтік жұмыс мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
 5. Қушоқы кенті (1 бірлік, №8-3, Е-G-3 санаты),  Петровка а/о (1 бірлік, №8-15, Е-G-3 санаты),  Үміткер а/о (1 бірлік, №8-19, Е-G-3 санаты),  Шешенқара а/о (1 бірлік, №8-20, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандарыбухгалтері.
Функционалдық міндеттері:
Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, салық комитетіне есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1172 қаулысын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
6. Қушоқы кенті (1 бірлік, №9-3, Е-G-3 санаты),  Ақтөбе а/о (1 бірлік, №9-4, Е-G-3 санаты),  Баймырза а/о (1 бірлік, №9-6, Е-G-3 санаты), Белағаш а/о (1 бірлік, №9-7, Е-G-3 санаты), Бұқар жырау а/о (1 бірлік, №9-8, Е-G-3 санаты), Қызылқайың а/о (1 бірлік, №9-15, Е-G-3 санаты), Петровка а/о (1 бірлік, №9-17, Е-G-3 санаты), Центральный а/о (1 бірлік, №9-25, Е-G-3 санаты), Ботақара ауылы (1 бірлік, №9-27, Е-G-3 санаты), Суықсу ауылы (1 бірлік, №9-30, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандарыветеринариялық дәрігерлері.
Функционалдық міндеттері:
Ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық іс-шаралардың өтуін ұйымдастыру,  ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді және оларға компьютерлік базаны енгізуді өтуін ұйымдастыру, ветеринарлық құжат және ветеринарлық анықтама беруді,  мал сою пункттарында мал сою алдында малдарды тексеру және мал сойғаннан кейін малдардың етін тексеруді, ветеринарлық есепті және уәкілетті органға есептілікті ұсынуды жүргізу. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – ветеринария немесе ветеринарлық медицина мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі №164 бұйрығын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7. Қаражар а/о (1 бірлік, №10-6, Е-G-4 санаты), Новоузенка а/о (1 бірлік, №10-10, Е-G-4 санаты) әкімдері аппараттарының жетекші мамандары.
Функционалдық міндеттері:
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орнындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады,  салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық немесе заңгерлік немесе техникалық немесе педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. Тұзды а/о ( 1 бірлік, №13-4, Е-G-4 санаты) әкімі аппаратының жетекші маманы – бухгалтері.
Функционалдық міндеттері:
Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, салық комитетіне есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1172 қаулысын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
9. «Бұқар жырау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №1-1, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Тұрғын үй қорын тиісті пайдалану және сақтау бойынша кондоминиум нысанын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру бойынша кешенді жоспардың іске асыруы. Кондоминиум нысандарының ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерінен өткізудің тізімдемесін және кезегін анықтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – құрылыс мамандықтары бойынша техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
10. «Бұқар жырау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №1-2, E-R-4 санаты). 
Функционалдық міндеттері:
Коммуналдық шаруашылық, энергетика,  жолаушылар көлігі және тасымалдау, әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарды жылыту маусымына әзірлеу  кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру және бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – техникалық немесе  тасымалдауды, транспорттың қозғалысы және  пайдалануды  ұйымдастыру мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Автомобиль транспорты туралы», «Электроэнергетика туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
11. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономикалық талдау және болжау секторының меңгерушісі (1 бірлік, №3-1, E-R-3 санаты). 
Функционалдық міндеттері:
Әлеуметтік-экономикалық даму  болжамын әзірлеу,  басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық  даму болжамын  әзірлеу және іске асыру жөніндегі  жұмысты ұйымдастырады және  бақылауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық;  Қазақстан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»