home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға Бұқар жырау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
E-R-1 санаты үшiн: Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.
Е-R-2 санаты үшiн: Жоғары білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
        Е-R-3 санаты үшiн:        Жоғары білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
     Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
        Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
        -«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде  2015 жылы 30 желтоқсандағы № 12639 болып тіркелген.Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

Е-R-1

142 412

192 382

Е-R-2

127 422

172 394

Е-R-3

  99 938

129 919

Е-G-3

  69 957

 94 108

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы,  Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті,  Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: bjr­[email protected]) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік, № 2-1, Е-R-1 санаты).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасының орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады; соғыс ардагерлеріне, соғыс жылдарының тыл еңбеккерлеріне, батыр аналарға, ақталған азаматтарға атаулы көмек көрсету, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы өтемақы, жалғыз басты қарт адамдарға және кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының тағайындалуы  бойынша жұмыстың жүргізілуін  бақылауды жүзеге асырады; қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі; азаматтардың қабылдауын өткізеді; бөлім қызметінің қаржылық-шаруашылық мәселелерінен хабардар.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік, № 5-1, Е-R-1 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мәдениет мекемелері  жүйесінің дамуы және сақталуы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Өз күшімен өнердің, шығармашылықтың, фольклордың дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тіл саясаты, тілдерді дамытудың аймақтық  бағдарламаларының орындалуына жәрдемдеседі, ономастикалық  жұмысты жүргізеді. Аудан деңгейінде мәдени-көпшілік ойын-сауық іс-шараларды, тарихи ескерткіштердің,  тарихи-мәдени мұранының пайдаланылуы және қорғалуы, есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бөлім қызметінің қаржылық-шаруашылық мәселелерінен хабардар, азаматтардың қабылдауын өткізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті)  немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (мәдениеттану) немесе «өнер» мамандықтары бойынша (мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мәдениет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі» ММ басшының орынбасары (1 бірлік, № 1-1, Е-R-2 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну, рұқсат құжаттарын беру бойынша бақылауды жүзеге асырады. Тұрғындар арасында ағарту жұмысын өткізуді ұйымдастырады. Аудан аумағында эпизоотиялық жағдай  мониторингісін жүргізеді. Ветеринариялық-санитариялық бақылау нысандарына ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді. Өткізіліп отырған ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға ұсынылуын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.  Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларын ұйымдастыруға қатысады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «ветеринария» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі» ММ биологиялық қауіпсіздік секторының меңгерушісі (1 бірлік, № 2-1, E-R-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасын және диагностикасын өткізу бойынша бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етеді, жануарлардың аурулары бойынша және эпизоотия ошағы анықталған жағдайда эпизоотия мониторингісін жүргізеді. Аудан аумағында ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды және өңдейді, тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді. Ветеринариялық есепті және ветеринариялық есептілікті уақытында тапсыруды жүргізеді. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «ветеринария» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5. «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ басшының орынбасары   (1 бірлік, № 1-1, E-R-2 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мектепке дейінгі,орта жалпы және қосымша білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Статистикалық есептерді уақытында тапсыруды ұйымдастырады. Ауданның білім мекемелерінің, білім жүйесінің қызметкерлері мен басшыларының аттестацияларын бақылайды. Білім ұйымдарының жаңа оқу жылының басталуына дайындығын,  материалдық құндылықтар есебімен бөлімнің және білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру және нығайтуды  бақылауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Білім туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
6. Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, № 2-4, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік және орыс тілде іс жүргізу мәселелері, нотариалдық әрекет ету бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, туған және қайтыс болған азаматтардың есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады, осы бағыт бойынша есеп дайындайды, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары органнан келіп түскен құжаттардың уақытында есепке алынуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауға алады, мұрағатқа өткізуге істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдем етеді, округ әкімінің құқықтық актілерінің жобасын дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету); Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Нотариат туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.7. Қушоқы кенті әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік,   № 7-4, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй қорының есебін және кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады, су-жылу-энергиямен жабдықтау, байланыспен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктің үздіксіз қозғалысы бойынша жұмысты үйлестіреді, коммуналдық төлемдерді жинау мониторингісін жүргізеді, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық құжаттаманы дайындайды, «ТҮКШ модернизациялау», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. Ботақара кенті, Ақтөбе а/о, Тоғызқұдық а/о әкімдері аппараттарының бас мамандарыбухгалтерлері (3 бірлік, № 8-1, 8-4, 8-15, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»