home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-G-1 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім, не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

  • «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №02-0102/5 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы №5084 болып тіркелген.
  •  

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

 

 

 

E-G-1

94 172

126 844

Е-R-4

56 376

76 235

Е-G-3

53 813

  72 391

Е-G-4

48 047

  64 704

  
«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны: 8(72154) 54525; факс: 8(72154) 22171, электрондық  пошта: [email protected]) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономикалық талдау және болжау секторының бас маманы (1 бірлік, №3-3, E-R-4 санаты). 
Функционалдық міндеттері:
Әлеуметтік жәрдем шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Қабылданған құжаттарды әлеуметтік жәрдем шараларын алу жөніндегі комиссияға бағыттайды. Әлеуметтік жәрдем шараларын беру туралы келісім және аудан әкімдігінің қаулысының жобасын дайындайды. Тоқсан сайын әлеуметтік жәрдем шараларын алған мамандардың жұмысын және тұратын жерін растайтын анықтамаларды қабылдайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. Ботақара кенті әкімінің орынбасары (1 бірлік, №1-1, E-G-1санаты).                
Функционалдық міндеттері:
Тұрғын үй есебі және кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады, әлеуметтік нысандарды су-жылу-энергиямен жабдықтау жөніндегі жұмысын үйлестіреді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша анықтама-ақпараттық құжаттаманы дайындайды, «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму МБ», «Өңірлерді дамыту», «Экспорт-2020», «ТҮКШ модернизациялау», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, Азаматтық қорғау мәселелері бойынша іс-шараларды өткізеді және төтенше жағдайлар қаупі немесе туындаған жағдайда жұмыстарды ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық немесе техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Электроэнергетика туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. Доскей а/о (1 бірлік, №8-9, Е-G-3 санаты),   Шешенқара а/о (1 бірлік, №8-20, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандарыбухгалтері.
Функционалдық міндеттері:
Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, салық комитетіне есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1172 қаулысын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. Қушоқы кенті әкімі аппаратының  бас маманы (1 бірлік, №2-3, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік және орыс тілде іс жүргізу мәселелері бойынша жұмысты, нотариалдық әрекет етуді ұйымдастырады, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары органнан келіп түскен құжаттардың уақытында есепке алынуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауға алады, мұрағатқа өткізуге істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдем етеді, округ әкімінің құқықтық актілерінің жобасын дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік, педагогикалық немесе мұрағаттану, құжаттандыру және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нотариат туралы»,  «Шаруа (фермер) қожалығы туралы», Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексін,  Қазақстан  Республикасының Жер Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5. Ботақара кенті әкімі аппаратының  бас маманы (1 бірлік, №7-1, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Тұрғын үй есебі және кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады, су-жылу-энергиямен жабдықтау, байланыспен қамтамасыз ету  бойынша жұмысты үйлестіреді, коммуналдық төлемдерді жинау мониторингісін жүргізеді, «ТҮКШ модернизациялау», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – техникалық немесе экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Табиғи монополиялар туралы»,  «Электроэнергетика туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
6.  Ақтөбе а/о (1 бірлік,  №9-2, Е-G-3 санаты),  Белағаш а/о (1 бірлік, №9-5, Е-G-3 санаты),  Бұқар жырау а/о (1 бірлік, №9-6, Е-G-3 санаты),  Қызылқайың а/о (1 бірлік, №9-12, Е-G-3 санаты),  Петровка а/о (1 бірлік, №9-14, Е-G-3 санаты), Тоғызқұдық а/о ( 1 бірлік, №9-16, Е-G-3 санаты), Үштөбе а/о (1 бірлік, №9-18, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандары.
Функционалдық міндеттері:
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық, ауылшарушылық, заңгерлік, ветеринария немесе ветеринарлық медицина мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7. Бұқар жырау а/о ( 1 бірлік, №13-1, Е-G-4 санаты), Тұзды а/о ( 1 бірлік, №13-4, Е-G-4 санаты) әкімі аппараттарының жетекші мамандары – бухгалтері.
Функционалдық міндеттері:
Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, салық комитетіне есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1172 қаулысын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. Қушоқы кенті   (1 бірлік, №10-1, Е-G-4 санаты), Новоузенка а/о (1 бірлік, №10-9, Е-G-4 санаты), Тоғызқұдық а/о (1 бірлік, №10-12, Е-G-4 санаты) әкімдері аппараттарының жетекші мамандары.
Функционалдық міндеттері:
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орнындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады,  салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық, заңгерлік, техникалық немесе педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
9. Ботақара ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы (1 бірлік, №14-2, Е-G-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық, ауылшаруашылық немесе заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
10. «Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық, кадрлық жұмыс секторының бас маманы (1 бірлік, №04-1-2, E- R -4 санаты).       
Функционалдық міндеттері:
Басқаратын мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдарға құқықтық сипаттағы ақпараттарды және құжаттарды дайындайды. Орта жалпы білім және мектепке дейінгі, мектептен тыс ұйымдардағы педагогикалық кадрлармен және мамандармен қамтамасыз ету жағдайының санының және сапалылығының сараптамасын жүргізеді. Ауданның білім мекемелерінің басшыларына, азаматтық қызметкерлердің бос лауазымдарына конкурстардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»