home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

  •  «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтардағы №10080 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

                    Е-4

59 579

80 720

Е-G-3

53 813

72 391

Е-G-4

48 047

 64 704

  
«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны: 8(72154) 22171, электрондық пошта: [email protected]) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №6-3, Е-4 санаты,  негізгі қызметкердің 2016 жылдың 25 қазанына дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратында кіріс және шығыс корреспонденцияның тіркелуін және оның тағайындалуы бойынша жеткізілуін жүзеге асырады; аудан әкімі аппаратында бақылауда тұратын аудан әкімінің өкімдерінің және шешімдерінің, жоғары тұрған органдардың құжаттарының есебін уақытылы ұйымдастырады, бақыланатын және орындалған құжаттардың тізімін құрайды; «Электронды құжат айналымы» бағдарламасының жұмысын, тізілімге сәйкес  аудан әкімінің өкімдерінің және шешімдерінің жіберілімін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе мұрағаттану, құжаттандыру және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша;  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №12-2, Е-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы актілерінің мемлекеттік тіркелуін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық анықтамалар және қайталама куәліктер беруді қамтамасыз етеді, азаматтық хал актілерін жазуларға түзетулер және толықтырулар, өзгертулер енгізеді, азаматтық хал актілері жазуларының күшін жою  және қалпына келтіру, туу туралы куәлік беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3.   Ботақара кенті (1 бірлік, №4-1, Е-G-3 санаты), Ғ.Мұстафин кенті (1 бірлік, №4-2, Е-G-3 санаты), Қызылқайың а/о (1 бірлік, №4-9, Е-G-3 санаты)  әкімдері аппараттарының  бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе гуманитарлық немесе экономикалық немесе педагогикалық немесе әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, саясаттану мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,   «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. Көкпекті а/о  әкімі аппаратының жетекші маманы (1 бірлік, №10-7,  Е-G-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады,  салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық, заңгерлік, техникалық немесе педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»