Қарағанды облысының әкімдігінде журналист, Карлаг ІІҰК (НКВД) тарихын зерттеуші Екатерина Кузнецоваға құрмет көрсетілді. 80 жылдық мерейтойымен оны аймақ басшысы Ерлан Қошанов, әріптестері, құрдастары мен достары құттықтады.
- Сіздің мерейтойыңыз – бұл аймағымыз үшін маңызды оқиға. Мен Сізге шығармашылығыңыз бен жанашырлығыңыз үшін алғысымды айтқым келеді. Қуғын-сүргіннің қайғылы беттерінен сыр шертетін шынайы оқиғаларды біздің ұрпақтарымызға жеткізгеніңіз үшін рахмет айтамын. Меніңше, жазықсыз қаза болған жандардың рухтары сізге алғысарын білдіреді. Сіздің зерттеулеріңіз көзі тірі адамдар үшін де өте маңызды, себебі мұндай қайғылы жайттар қайталанбас үшін тарихты әрдайым есте сақтау қажет, - деді Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр, денсаулық және шығармашылық табыс тіледі.
- Мен жуырда Сіздің 50-ші жылдардағы Қарағанды туралы очерктеріңізді оқып шықым. Сол уақытта болып қайтқандай әсер алдым. Шынымен де Сізде жазушылық дарын бар. Сіз сипаттап жазған ғимараттар, үйлерге енді басқа көзбен қарайтын болдым. Сіз сол кезді энтузиасттар кезеңі деп дәл айттыңыз, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Екатерина Кузнецова өз материалдарын, қуғын-сүргінге ұшырағандар және олардың ұрпақтарымен жазысқан хаттарын, құжаттар мен суреттерді облыстық мемлекеттік мұрағатқа тапсырған.
- Бұл зерттеушілер, өлкетанушылар, тарихшылар пайдаланатын өте құнды құжаттар. Біздің мұрағат өлкеміздің тарихын жақсы танып-білуге мүмкіндік беретін осындай материалдармен толығатыны өте маңызды, - деді мұрағат директоры Жаңагүл Тұрсынова.
Екатерина Кузнецова оған көрсетілген қошемет үшін алғысын білдірді.
- Карлаг тақырыбы әлі күнге дейін көптеген адамдарды алаңдатады. Маған әр елдерден қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары көмек сұрап келеді, олар өз отбасының тарихын қайта жандандырғысы келеді. Әлі де оларға пайдам жарап қалар деп үмітенемін. Барлық мұрағаттар ашық болып, әрбір келуші өзінің туысқаны туралы мәлімет алуға мүмкіндігі болатын күндер әлі туады деп ойлаймын, - дейді ҚР Құрметті журналисі.
Мерейтой иесі облыс әкіміне Карлаг туралы кітабын, қуғын-сүргін құрбандарының есімдері жазылған "Атылғандар тізімі" жинағын сыйға тартты.
Екатерина Кузнецова (Колоколова) 1938-ші жылы 2-ші мамырда Қытайда, Дальный қаласында (Далянь) аудармашы отбасында дүниеге келген. 1954-ші жылы ата-аналарымен бірге КСРО-ға, Қазақстанның Қарағанды облысына көшіп келген. Қарағанды қаласының №62 мектебінде оқыған. 1961-ші жылы Алматы қаласындағы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдап, "журналистика" мамандығын алған. Өзінің еңбек жолын "Комсомолец Караганды" облыстық жастар газетінде бастаған, сонан соң облыстық "Индустриальная Караганда" газетіне ауысқан, онда зейнеткерлікке шыққанша еңбек еткен.
ҚР журналистер Одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі, ҚР журналистер Одағының "Тарихи мирас" номинациясындағы сыйлық лауреаты, Қарағанды облысы әкімінің "Алтын сұңқар" сыйлығының "Кәсібіне адалдық" номинациясында лауреаты.
Екатерина Кузнецова - "Әділет" РТАҚ (Республикалық арихи-ағартушылық қоғамы) басқармасының мүшесі. Ол журналистер арасында алғашқылардың бірі болып Карлаг тақыбын зерттей бастаған. Жылдар бойы 58-ші бап бойынша жазықсыз сотталған сталиндік лагерлердің бұрыңғы тұтқындарының естеліктері мен хаттарын жинаған. Карлаг туралы кітаптар мен мақалалардың авторы. Қазақстан мен шет елдерде эфирге шығарылатын қуғын-сүргін тарихы туралы тележобалар мен деректі фильмдерді түсіру бойынша Кеңесші.