Новости области
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек қала көшелеріндегі экрандардан көрсетіледі

Қарағандылықтар WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің қайталама жекпе-жегін Кеншілер МС, Жаңа Майқұдық МҮ және Достық үйі (Кеншілер даңғ.,64) алаңдарындағы LED-экрандардан көре алады.
Көрсетілім Қарағады көшелеріндегі экрандарда жексенбі, 16-шы қыркүйек күні таңғы сағат 7.30 басталады. Алдын ала болжам бойынша Головкин мен Альварес рингке сағат 8.00 мен 8.30 аралығында шығады.
Сондай-ақ жекпе-жектің толық көрсетілімін көрермендер QazSport және Qazaqstan телеарналарынан тамашалай алады.
Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінде басты жекпе-жекті қосқанда барлығы сегіз жекпе-жек жоспарланған. Оның ішінде Никарагуаның төрт салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роман Гонсалес мен мексикандық Мойсес Фуэнтестің жекпе-жегі, орта салмақтағы IBF бұрынғы чемпионы канадалық Давид Лемье мен ирландық Гэри О’Салливананың, сондай-ақ бірінші орта салмақтағы WBO чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйи мен канадалық Брэндон Куктың жекпе-жегі.
Геннадий Головкин бұл жарысқа өзінің барлық белбеулерін тігіп отыр. Сонымен қатар боксшылар The Ring чемпионы атағы мен WBC арнайы белбеуіне таласатын болады.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017-ші жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткенді, алайда ол кезде төрешілер жеңімпазды анықтай алмай, нәтиже тең болғанды.