Новости области
Қарағандыда Астана-Опера театрының артистері өнер көрсетеді

Сәуірдің 20-ы мен 21-і күндері Астана-Опера театрының артистері Қарағандыда Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында өнер көрсетеді. Сахна төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы, Армения халық әртісі Барсег Туманян, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина, Салтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Жан Тапин, Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықбаев, Бибігүл Жанұзақ, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, халықаралық конкурстардың лауреаттары Бейімбет Танарыков, Талғат Галеев, Мәдина Исламова және Рамзат Балакишиев өз өнерін ортаға салады.
20 сәуірде қарағандылық көрерменге К. Орффтың «Кармина Бурана» кантатасы ұсынылады. шығармаға 24 тұрмыстық жанрлық әндер негіз болған. Туынды дирижер Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен латын және ескі неміс тілдерінде орындалады. Концерттің басталуы сағат 18:30-да.
21 сәуірде артистер отандық және шетелдік композиторлардың белгілі шығармаларынан 21 үзінді орындалатын гала–концерт бағдарламасын ұсынады. Дирижері - Абзал Мухитдинов. Басталуы сағат 18:30-да.
22 сәуірде Теміртауда Кеншілер сарайында да осы бағдарлама көпшілік назарына ұсынылады. Басталуы сағат 17:00-де. Дирижері - Руслан Баймурзин.
Билеттерді Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының кассаларында сатылады. Анықтама телефондары: 41-22-36, 42-54-72, 41-22-30 и 41-39-89.
Гала-концерт бағдарламасында:
1. М. Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсынан Айтыс көрінісі - орындаушылар: Бибігүл Жанұзақ, Бейімбет Танарыков пен Астана Опера театрының хоры;
2. Қазақтың халық әні «Бүлдірген» - орындайтын Майра Мұхамедқызы;
3. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан Абайдың ариясы –орындайтын Жанат Шыбықпаев және хор;
4. Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан Жібектің әні - орындайтын Мәдина Исламова.
5. С. Мұхамеджанов. «Айсұлу» операсынан Серкенің Каватинасы – орындайтын Талғат Галеев.
6. Е. Рахмадиев. «Қамар сұлу» операсынан Қамар мен Ахметтің дуэті – орындайтын Бибігүл Жанұзақ пен Бейімбет Танарыков.
7. П. Чайковский. «Пиковая дама» операсынан Елецкийдің ариясы - орындайтын Талғат Мұсабаев.
8. Дж. Россини. «Семирамида» операсынан Семирамиды каватинасы - орындайтын Салтанат Ахметова.
9. П. Чайковский. «Евгений Онегин» операсынан Ариозо Ленскийдің ариясы - орындайтын Жан Тапин.
10. П. Чайковский. «Пиковая дама» операсынан Лизаның ариясы - орындайтын Жұпар Ғабдуллина.
11. Ж. Бизе. «Кармен» операсынан Эскамильоның шумақтары - орындайтын Барсег Туманян.
12. Ф. Легардың «Күлкі елі» опереттасынан Су-Чонг ханзаданың әні – орындайтын Салтанат Ахметова және Рамзат Балакишиев;
13. Р. Щедрин. «Не только любовь» операсынан Варвараның шумақтарын Дина Хамзина орындайды.
14. Ж. Массненің «Таис» операсынан Meditatione – орындайтын Бағдат Әбілханов пен «Астана Опера» театрының хоры;
15. Ш. Гуно. «Ромео и Джульетта» операсынан Джульетты вальсы – орындайтын Альфия Каримова.
16. Дж. Вердидің «Риголетто» операсынан Герцог пен Джильданың дуэті - орындайтын Альфия Каримова мен Жан Тапин.
17. А. Лараның «Гранада» туындысын Барсег Туманян орындайды.
18. Дж. Верди. «Трубадур» операсынан Леонора мен граф ди Луна дуэті – орындайтын Жұпар Ғабдуллина мен Талғат Мұсабаев.
19. «La morena De mi Copla» - орындайтын Майра Мұхамедқызы.
20. И. Кальманның «Сильва» опереттасынан Сильваның ариясы - орындайтын Майра Мұхамедқызы.
21. «Травиата» операсынан Brindisi әсерлі көрінісі – орындайтын Майра Мұхамедқызы, Салтанат Ахметова, Альфия Каримова, Жан Тапин, Бейімбет Танарыков, Рамзат Балакишиев пен «Астана Опера» театрының хоры.