100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРАЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ

 

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтеді. Қаражар ауылдық округіндеде балалар күні мерекесі ерекше аталып өтті. Бұл күні «Балдәурен» жаздық  мектепщілік лагері ашылды.  Әкімшіліктің бастамасымен, ұйымдастырушылар мәдени ұйымдастырушы Г.С.Абдыракманова, мектеп психологы М.М.Каргабаева және тәлімгер И.Е.Касенованың жетекшілігімен балалар күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды.  Әуелі мектеп балалары шеру құрып, Мәнжі батыр атындағы Қаражар орта мектебінен  Карина мәдени ағарту орталығына жиналды. Үлкендердің ұйымдастыруымен әртүрлі кейіпкерлер: сайқымазақ, Карлсон думанды жандандырдып, әртүрлі ойындар өткізді. Балалардан құралған «Ариэль» би тобы және «Балдәурен» домбыра ансамблі аянбай өз өнерлерін ортаға салды. Шара барысында «Ариэль» би тобы мүшелерін жетекшісі И.Первушинамен ауыл және мектепшілік шараларға жыл бойы қосқан өнерлері үшін әкімшілік тарапынан марапатталды. Мерекелік шара соңында аудандық маслихат депутаты Б.Х.Жумабеков, ауылдағы кәсіпкерлер В.С.Зауырбеков, С.Б.Рахимжанов, М.М.Муканов, К.Ж.Сулейманов тәттілерден үлестірді. Мерекелік шара балалардың да, үлкендердің де көңілінен шықты.

 

 

 

Қаражар ауылдық округі әкімі аппараты

 

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»