100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағандыда ЭКСПО-2017 арналған көрме ашылды

 Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында жаңа көрме ашылды. Экспозиция мұражай қорынан жиналған және ЭКСПО-2017-ге арналған. Көрермендер 150-ден астам жәдігерлерді көре алады.
Ұйымдастырушылар бұл көрмені екі дара бөлімге бөлген – «Қазақстан өнері» және «Қарағанды өнері». Экспозиция қонақтарды қазақтың ұлттық қолданбалы өнерімен таныстырады. Өнер сүйер қауым көрме залының бір бөлігінен киіз үйдің салт-дәстүрімізге сай жабдықталғанын тамашалайды, әрі жүннен жасалатын кіз бұйымдарының түрлерімен таныса алады.
Экспозицияның брінші бөлімі Абілхан Қастеев және Қанафия Телжанов, Сабыр Мәмбеев және Жанатай Шәрденов, Айша Ғалымбаева және Гүлфайрус Исмаилова секілді танымал шеберлердің шығармашылығына арналған. Бұл шеберлер бейнелеу өнерінің реалистік мектебінің құрылуында алғашқы шепте тұрғандардың бірі.
Ал екінші бөлігінде ТМД-ның белгілі суретшілерінің кескіндеме жұмыстарымен қатар, Украиндық шыныны үрлеу арқылы әртүрлі өнер туындыларын жасайтын шеберлерінің жұмыстары, Ресейдің қыш шеберлеірнің өнер туындылары келтірілген.
Көрме ұлттық өнердің көп қырлылығын және байлығын көрсетеді. Ол маусымның 28-де ашылды. Көреремендер көрмені қыркүйектің ортасына дейін тамашалай алады.

Вернуться к списку новостей

Астана күніне орай Қарағандыда субұрқақтар тазалануда 05 Шілде 14:29
«Астана» күні Қарағандыда қалай тойланады 05 Шілде 12:31
Турецкий хоры Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев және Балқаш қалаларына тегін концерт береді 05 Шілде 11:54
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»