100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағандыда аула баскетболының лигасы ұйымдастырылды

  Қарағандыда аула баскетболы бойынша тұңғыш рет жарыс өткізілді. Ақтық ойынға ықшам аудандар мен аула клубтарының 40 әуесқой командасы шықты. «Аула баскетболының лигасы -2017» жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылып отыр. Тапсырыс беруші-Қарағанды қаласының денешынықтыру және спорт бөлімі. Атқарушы-«Салауатты Әлем» жеке менші мекемесі.
Ақтық жарыстар Балалар мен жасөспірімдер сарайының жаңартылған спорттық алаңында өткізілді.
Жарыстың алдын ала Жаңа қала; Оңтүстік Шығыс; Майқұдық; Пришахтинск; Михайловка командалары іріктеу ойындарынан өткізілді. Жастары 15-17, 18 және одан асқан қыздар мен жасөспірімдердің екі тобынан 100-ден аса әуесқой команда ұсынылды.
Көше баскетболы (стритбол) әдеттегі команда құрамынан үш –үштен қарсыластардың ойнауымен ерекшеленеді. Жарыс жалғыз торлы алаңда өтеді.
Аула баскетболы Лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттауларды Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров пен қалалық мәслихат депутаттары табыстады.
Жеңімпаздар Кубоктар, дипломдар және 100 мың теңгенің сертификаттарына ие болды. Екінші орынға -80 000 теңге, үшінші орынға - 40 000 теңге тағайындалды.
Жеңімпаз командалардың ойыншылары тиісінше медальдар мен дипломдармен марапатталды.
15-17 жасар жасөспірімдер санаты бойынша бірінші орынға «Драконы» командасы алға шықты. Екінші орынды «Lipton», ал, үшінші орынды – «Мишки» командалары иеленді.
18 және одан асқандар арасындағы командалар арасынан Т. Кузембаев атындағы шахта баскетболшылары үздік деп саналды. Екінші орын «Кельты» командасына бұйырса, «Friends» командасы үшінші орынға риза болды.
15-17 жасар қыздар жарысының нәтижесі мынандай:
1 орында – «Болашақ» командасы ;
2 орында – «Валентина и Ко» командасы;
3 орында - «СДЮШОР» командасы.

18 жас және одан ересектер командалары арасында:
1 орында – «Старушки» командасы;
2 орында – «Не по регламенту» командасы;
3 орында - «КРБ» командасы.

Сондай-ақ, Константин Терюков («Lipton» командасы), Алексей Аленушка («Кельты» командасы), Асылжан Майлыбай («Болашақ» командасы), Екатерина Цымбалист («Старушки» командасы) үздік ойыншылар деп танылды. Бұлар арнайы Кубоктар мен дипломдармен марапатталды.

Сурет Қарағанды әкімдігінің сайтынан алынды

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»