100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Кәсіби мереке қарсаңында ең үздік қарағандылық кеншілер марапатталды

 Кеншілер күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Бүгін Кеншілер мәдениет сарайында мерекелік салтанатты жиын өтті, онда алғыс хаттар мен төс белгілер табысталды.
- Қарағанды үшін Кеншілер күні – ерекше күн,-деді Ерлан Қошанов. - Біз 70 жыл бұрын осы мерекені тойлай бастадық, сол кезден бері бұл мереке тек кеншілер үшін ғана емес, жалпы облыс үшін маңызды болып табылады. Біздің кеншілер жыл басынан бері 20 млн.тоннаға жуық көмір өндірді. Бұл үлкен еңбектің арқасы. Барша қарағандылықтардың атынан сіздерге еңбектеріңіз үшін алғыс білдіріп, мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Кәсіби мереке құрметіне орай қарағандылық ең үздік кешілерге алңыс хаттар мен салалық марапаттар табысталды.

Көмір саласын дамытуға қосқан қомақты үлесі және ұзақ жылдар бойы осы салада еңбек еткендігі үшін, сонымен қатар «Кеншілер күні» кәсіптік мерекесінің 70 жылдығына орай Александр Забелин мен Сәбит Әбдірахманов ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төс белгісімен, Аманбай Бейсембаев І дәрежелі «Кенші даңқы» белгісі мен ал Татьяна Оман І дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды.

Төлеген Нұрмұханов, Владимир Ефимов және Жәукен Нұрмұғамбетовке облыс әкімінің құрмет грамотасы табысталды.

Роза Науширванова, Игорь Кузнецов, Фарит Якишев пен Ольга Котович алғыс хатқа ие болды.

Биыл осымен 70-ші жыл ел бойынша «Кеншілер күні» кәсіби мерекесі тамыз айының соңғы жексенбісінде тойлануда. Ресми түрде бұл күн 1947 жылы бекітілді.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»